Дін өкілдері балаларға оқу құралдарын таратты. Бірақ бәріне емес, тек әлеуметі төмен отбасыларға ғана. «Мектепке жол-2024» акциясы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өтті. Шара балаларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шараның арқасында көп балалы ата-аналар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балаларын мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі оң әсерін беріп отыр. Қайырымдылық акциялары осындай көмек көрсету арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңдікті нығайтуға үлес қосатыны сөзсіз. Жиынға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев арнайы қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Оқушыларға білім-ғылымның мәртебесі мен артықшылығын атап өтіп, жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқуға шақырды. Басты мақсат — балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау және оларды жаңа оқу жылына дайындықпен қамтамасыз ету. Жалпы, қала мешіттері мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 1000 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті дәптер, қалам, сызғыш, циркуль, т.б. құрал-жабдықтар үлестірілді. Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы тамыз айының соңына дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандық мешіттерінде жалғасатын болады.
ҚАРАШАҢЫРАҚҚА – 95 ЖЫЛ
Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы театрға 95 жыл толды. Бұл атаулы датаны театр қызметкерлері мұрағаттық құжаттардан тапқан. Бастапқыда театр өткен ғасырдың...