• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ӘРДАЙЫМ БИІК БОЛУЫ ҚАЖЕТ

23.08.2024
0

 

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Ол бойынша әр балаға 43 500 теңгеден беріледі. Шымкент қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру бойынша білім басқармасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл аталған акция шеңберінде 56 183 балаға көмек көрсету көзделіп отыр. Оған қазынадан 2 млрд 400 млн теңге бөлінген. 20 тамызға дейін барлық қаржы игерілетін болады.

— Бүгінгі таңда 3 406 балаға 156,7 мың теңге аударылды. Ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық балаға қаржы аударылатын болады,-дейді, білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.

Бұл көмек түрі мемлекеттік мектептерде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  №64 Қаулысы негізінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» жүзеге асырылады.

Ол көмекті нақты кімдер ала алады?

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға – 11 390

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға – 39 841

3) отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 399

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға – 0

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) – 4 553 Қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

Мемлекет тарапынан балаға бөлінген қаржыны ата-ана қалай жұмсайды?

Ата-ана 43 500 теңгені перзентінің мектепке қажетті  кеңсе тауарлары мен киіміне жұмсайды. Сондай-ақ, алған затының түбіртегін көрсетуі тиіс.

Балаға білім беруде педагогтердің мәртебесі жайлы ерекше айтып өткен жөн. 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен  «Мұғалім мәртебесі» туралы Заң қабылданды. Заң шеңберінде педагогтің мәртебесін арттыратын нақты тетіктер қаралған. Осы Заңның 6-шы бабында мұғалімге өзінің функционалдық міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту, жеке қаражаты есебінен мектепке қажетті  безендіру сынды істерге ақша шығару жұмыстарына тыйым салынған. Заңнамалық тұрғыдан мұғалімдердің барлығы қорғалған. Одан бөлек, әрбір білім беру ұйымында меншікті нысанына қарамастан Әдеп кеңестері құрылған. Оның функциясы – ұстаз құқығының бұзылуына жол бермеу және өзінің де міндетін дұрыс атқару, мұғалім тарапынан педагогикалық әдепті бұзбау бойынша тиісті жұмысты жүргізу. Шаһардағы барлық білім ошақтарында аталған кеңес жұмыс істеп жатыр. Мемлекет тарапынан ұлағатты ұстаздарды қолдайтын түрлі конкурстар да бар. Одан бөлек водомствалық наградалар бар. Мәселен, өткен жылы ол «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» наградасымен толықтырылды. Салада 40 жылдан астам еңбек еткен, жетістікке жеткен ұстаздарға осы награда беріледі. Мұғалімнің мәртебесі, біріншіден, өзіне байланысты. Өзін ұстауы, кәсіби шеберлігі, баламен жұмыс істеп, одан нәтиже шығаруы, педагогикалық әдепті сақтауы — қоғамның ұстазға деген құрметін арттырады.

Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жеке мектептер санын көбейтуді қолға алды. Ол өз кезегінде үш ауысымды, апатты жағдайдағы мекьепьер санын азайтуға, білім бәсекесіне жол ашты. Мемлекеттік мектеп пен жеке білім ошақтарының айырмасы болмауы керек. Екеуі де ҚР білім беру туралы арнайы заңдарына сай бекітілген жалпыға бірдей білім берудің стандарттары бар. Соған сәйкес жұмыс істейді. Ол білімді көрсету үшін әр мектепте мектепішілік жоспарлары бар. Бұл ретте Шымкент қаласының білім басқармасы сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесе жұмыс істейді. Басқармада бақылау функциясы болмағанымен, зерделеу, мониторинг жүргізу функциясы бар. Ал, департамент тікелей бақылайды.  Яғни, департамент пен жауапты басқарма барлық мектептегі білімнің сапасы, жоспарға сай жүргізілуін ұдайы назарда ұстап отырады. Егер, жеке мектептерде білім беру жүйесі талаптарға сай болмаса, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік бақылау шараларын өткізеді. Оның ішінде профилактикалық және мемлекеттік аттестаттау шарасы бар. Мемлекеттік аттестаттау шарасынан мемлекеттік ұйымдармен қатар, жекеменшік балабақша, мектеп, колледждер де өтіп жатыр.

Балаларды ыстық тамақпен қамту жайы

Шымкент қаласы республика бойынша 1-4 сыныптарда  меншік нысанына қарамастан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Мектептерде ыстық тамақты ұйымдастырып отырған кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңіске жетеді. Ал, қолданыңтағы Заңнама бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін сол жерде көрсетілген талаптарға жауап бере алуы керек.

Білім нысандарындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша мегаполисте 2024 жылы 12 “Жайлы мектеп” бой көтереді. Ал бірінші сыныпқа 26 979 баланы қабылдау жоспарланып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.