Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы аманат партиясында өтті. Күн тәртібінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры атқарған жұмыстар талқыланып, жемқорлыққа қарсы шаралар айтылды. Кеңес мүшелері баяндама жасаған жауаптыларды сұрақ астына алды.Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Кеңес мүшелері МӘМС жүйесінің кемшілігінен азаматтардың түрлі бағыттарда кедергілерге тап болып жатқанын жеткізді. Мәселен, аудан, қалалардағы шаруалар міндетті сақтандыруды уақытылы төлемегендіктен банктегі есеп-шоттары бұғатталып жатқанын айтты.Тіпті сақтандыру қорына тиісті төлемді жасамаған жағдайда жоғарыда аталған мәселенің туындайтыны жөнінде алдын ала хабарланбаған.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...