• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАНДАЙ?

23.08.2024
0

Мегаполис жаңа оқу жылына қаншалықты дайын? Балабақша-мектеп-колледжден тұратын білім беру ұйымдарында бірқатар жаңашылдықтар бар. Мектепке дейінгі мекемелерде ваучерлік жүйе іске қосылмақ. Ол өз кезегінде ата-аналарға баласы баратын бақшаны таңдау мүмкіндігін береді.  Сондай-ақ, биыл 130 балабақша мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Оның алғашқы легі басталып та кетті.

Шаһарда 611 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның 540-ы жекеменшік. Миллионды қалада балабақшадағы орын тапшылығын шешу жолында өткен жылы 30 мекеме ашылса, биыл жыл соңына дейін қосымша 2100 орынмен қамту жоспары тұр. Бұл туралы  білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева мәлімдеді.

-Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында, 2023 жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Биылғы жылы балаларды 2 жастан бастап мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған.

Жергілікті бюджеттен 43,6 млрд теңге қаржы жалпы 71 193 бала санына қаралған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Жоспар бойынша ағымдағы жылы жаңадан ашылатын 32 балабақшаның сәуір айында 13-і ашылып, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орын мемлекеттік тапсырысы берілді. Нәтижесінде, 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың – 86,6%-ы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса, 2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3% (74 661 бала) қамтылған.

Биылғы жылдың соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде (а.ж. 1-қыркүйегіне дейін 1100 орын, жыл соңына дейін 1000 орын). Бұның 100 орыны ата-аналарға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қыркүйек айында 14 балабақша және желтоқсан айында 5 балабақша ашылады деп күтілуде,-деді Нұргүл Ақылбекқызы.

Президент өз Жолдауында 2025 жылға дейін алты жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтуды міндеттеді. Осы ретте іске асырылайын деп жатқан ваучерлік жүйе арқылы ата-аналарға таңдау мүмкіндігі беріледі, білім беру жүйесіндегі нарықтық қатынас дамиды, сонымен қатар, қаржының ашықтығын қамтамасыз етеіді. Бұл механизм әзірге 100 орынға жоспарлануда.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу – білімнің сапасын таразыға тартатын сәт. Биыл шаһарда жалпы саны 200 мекеме аттестациядан өтеді. Оның 130-ы балабақша. Қазірде оның 7-уі ғана өткен.

Мектептегі білім сапасы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5% жоғарылапты.  Орта білім беру бағыты бойынша биыл 12 «Жайлы мектеп» салынуда. Ал, бірінші сыныпқа 26 979 оқушыны қабылдау жоспарланған. Дей тұрғанмен, үш ауысымды мектептердің пайда болу тәуекелі де бар. Мәселен, қаладағы 21 мектепте оқушы сыйымдылығы жоғары, 22 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді.

Сонымен қатар осы жылы қаламызда алғаш рет 2 колледжде 10-11 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жоба бойынша 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен қоса, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алып шығады.

Тағы бір жаңашылдық – колледждегі 341 білім беру бағдарламалары Тізілімге енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдары бағдарламалары Тізілімге енген мамандықтарды дайындау мүмкіндігін алады.

Балалар арасындағы суицид. Өкінішке қарай, осы тақырып аясында қайғылы жағдайдың саны артқан. Статистиканы төмендетіп, мұндай оқиғаның алдын-алу бойынша Шымкенттен психологиялық қолдау орталығы ашылмақ.

Шаһарда техникалық және кәсіптік білім беретін 38 колледж бар. Онда 47 мыңнан астам студент білім алады. Оның 23 587-і бюджет шеңберінде мемлекеттік тапсырыс негізінде, 23 433-і ақылы негізде білім алды.

Қоғамдағы түрлі салаға сапалы кадр дайындап шығу мақсатымен академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері қарастырылуда. Яғни, студенттер өз оқу ордасымен қатар шет елде  білім алуына жол ашылмақ.

Қазіргі уақытта 2024-2025 оқу жылына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мақсатында 11 500 талапкерді мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау шаралары жүзеге асырылуда.

Алдағы 2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың есебінен 15 жекеменшік колледжде 51 талапкерді қабылдау жүзеге асырылады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сұранысқа сәйкес 5 мамандық бойынша 75 орын бөлініп отыр («Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК, «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК, «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» КММ). Бүгінгі таңда, колледждерге 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау шаралары жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам талапкердің құжаты қабылданды. Қабылдау шарасын жүзеге асыру барысында колледждердің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын қатаң сақтау және құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық жиналыс өткізіліп, тиісті хаттама жолданды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес студенттердің стипендиясын 2 есе ұлғайту көзделген (2023 жыл-50%, 2024 жыл-100%).

Стипендия мөлшері – 2023 жылы 31 422 тг болса, 2024 жылдан 1 қыркүйектен бастап 41 896, жұмысшы мамандықтарға 43 574 тг.

Сонымен қатар, 22 колледж жатақханасында (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік колледж) 2393 студент орналастырылған (жобалық қуаттылығы 2 959 орындық).

Оның ішінде 1 160 орындық 7 мемлекеттік жатақханада 800 студент, 1799 орындық 15 жекеменшік колледждердің жатақханасында 1 593 студент орналастырылған.

Студенттердің негізгі контингенті Шымкент қаласының және көлік инфрақұрылымы дамыған іргелес аудандардың тұрғындары болғандықтан, Шымкент қаласының колледж жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі жоқ.

Жаңа оқу жылының қарсаңында өткен брифингте білім саласындағы жаңалықтардан бөлек мәселелер сөз болды. Салада мәселе жоқ емес, бар деген Нұргүл Шәмшиева оның бәрі бірден оң шешіле қоймайтынын, жоспарға сай жүзеге асатынын айтты.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.