• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ – ӨМІРЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ

23.08.2024
0

Өсіру, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қастерлеу. Иә, мұның бәрі МӘДЕНИЕТ. Сондықтан да кез – келген ортада мәдениетті болу сол елдің өркениетінің дамығанодығы болып саналады.

«Мәдениет» сөзінің мағынасы көп. Біз мұны күнделікті сөйлеуімізде байқамауымыз мүмкін, бірақ шын мәнінде солай. Көшедегі бұзақыларға «балағат сөз айтпаңдар, сөйлеу мәдениетін құрметтеңдер» дейміз, баладан «Айқайлама, бұл мәдениетсіздік!» деп талап етеміз, Мәдениет үйіне концертке барып барамыз. Жалпы айтқанда мәдениет — Әлеуметтік-интеллектуалдық және өндірістік қатынастар саласындағы адам жетістіктерінің жиынтығы.

Техниканың ғарыштап дамыған заманында әрбір жастың қолында смартфонның болуы қалыпты жағдай. Көшке ілесудің пайдасы зор дегенмен жастар арасында оқу мәдениетінің төмендеп жатқаны өкінішті – ақ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Сондықтан да Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бүгінде өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығы мен оқу мәдениетін қалыптастыру жағын қолға алып, отбасында баланы балалар әдебиетімен таныстыра отырып, қызығушылықтарын арттыруға қатысты барынша жұмыстар атқарылып келеді. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылы «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халық арасында оқырман белсенділігін арттыру мақсатында жоспар түзілді. Жастардың жан-дүниесін арттырып, үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына кітап әлеміне шарлатып, білім-ғылым жолына жетелейтін қазына екенін ұғындыру мақсаты 12,42 орындалды.

Елдімекендерде мәдени нысандардың болуы адамның эстетикалық құндылығын арттырады. Дүниеге деген көзқарасын өзгертеді. Бұл бағытта Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 1 көрсеткіш, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 1 көрсеткіш көрсетілген. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 4 мәдени нысан салу көзделуде. Атап айтқанда жыл соңына дейін «Көкбұлақ клубы», «Қайнарбұлақ клубы», «Қаратөбе клубы» және «Өтеміс клубы» ел игілігіне беру жоспарлануда. Ал кейбір аумақтарда мәдениет объектілерін жөндеу қолға алынуда. Жыл соңына дейін 23 мәдениет ошақ жаңа кейіпке енеді.

Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны: 2024 жылдық  жоспарда 1 жоба бекітілген.  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында, Орталық саябағында  «BalaShym» өнер фестиваліне қала көлемінен шығармашыл балалар жиналып, 4 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, бұл ана тіліміз. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды. Бүгінде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың  үлесін арттыру 3 көрсеткіште (Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 1 көрсеткіш, Шымкент қаласы  бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 1 көрсеткіш, ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында 1 көрсеткіш) көрсетілген 2024 жылдық  жоспар 98%. Орындалғаны – 59,2 %.

Мәдени шаралар да Концертке, циркке келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 102 950 көрермен, орындалуы 63 339 келуші (оның ішінде ақылы 27 384, ақысыз 35 955), жоспар 61 % орындалды. Басқармаға қарасты мекемелердің 9 негізгі индикаторлық көрсеткіштері:

Кітапханаға келуші оқырмандар саны жылдық жоспарда 293 265 оқырман,   орындалуы  162 754 оқырман  (жоспар 55 % орындалды). Театрға келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда. 246 477 көрермен, орындалуы 120 049 көрермен (оның ішінде: ақылы 59 889 көрермен, ақысыз 60 160 келушілер), жоспар 48 % орындалды). Музейге келуші тұрғындардың саны жылдық жоспарда  12 050 келуші,  орындалуы 7 174 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер 4 118 адам, ақысыз келушілер 3 056 адам), жоспар 60 % орындалды).

Рухани мәдени мұрасын насихаттау бойынша іс-шараларға келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 15 700 келуші, орындалуы 8 840 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер  2 681 адам, ақысыз келушілер 6 159 адам), жоспар 55 % орындалды).

Зообаққа келушілердің саны жылдық жоспарда 320 923 келуші,  орындалуы 316 573 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер 225 893 адам, ақысыз келушілер  90 680 адам) жоспар 69 % орындалып  отыр). «Шым-қала» тарихи-мәдени кешеніне келушілердің саны жылдық жоспарда 31 264 келуші, орындалуы 21 916 келуші (оның ішіндегі Қазақстан Республикасының  азаматтары 17 295 адам,  шет ел азаматтары 4 621  адам) жоспар 70 % орындалды). Көшелерге атау беру 2024 жылдың жоспары бойынша 60 көше. Орындалуы: 365 көшеге ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданған, нәтижесі күтілуде. Жобалық кеңсеге орындалуы бойынша енгізілетін концерттік жоба жылдық жоспарда 27, ал 6 айда орындалғаны 11 іс-шара.

Алты айда Басқармаға қарасты мекемелерде өткізілген Жалпы іс-шаралар саны — 3 169,  іс-шараға келушілер  саны — 1 652 510, ресми, мәдени іс-шаралар саны – 16, ресми, мәдени іс-шараларға келушілер саны — 26 100.

Мәдениет – адам өмірінің барлық құндылығын қамтиды. Сондықтан да мәдениетті болу және мәдениетті ортада өмір сүру бұл өмірде көптеген жетістіктерге жетелейді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.