Үшінші мегаполисте креативті индустрияны қолдау мақсатында арнайы жәрмеңке бастау алды. Қолөнершілер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдарын таныстырды. Бұл шара халықтың отандық өнімге қызығушылығын арттыруға және дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін көрсетуге ықпал етті. Креативті индустрия бүкіл әлем бойынша заманауи экономиканың маңызды бөлігі болып табылады. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Арбат алаңында өткен шараға Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. шеберлер қатысты. Басты мақсат – шығармашылық кәсіпкерлерге өз өнімдерін монетизациялауға қолдау көрсету. Жәрмеңкеде кәсіпкерлердің шығармашылық шеберлік пен ұлттық мұраға деген қызығушылығы жоғары болды. Қолөнершілер өз өнімдерін таныстырып, келушілерге ұлттық нақыштағы бұйымдарын көрсету арқылы қазақтың мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Қолөнершілердің ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға арналған ерекше өнімдері мен өнер туындылары қала тұрғындарына үлкен әсер қалдырды. Айта кетейік, аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізілетін болады.
ҚАРАШАҢЫРАҚҚА – 95 ЖЫЛ
Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы театрға 95 жыл толды. Бұл атаулы датаны театр қызметкерлері мұрағаттық құжаттардан тапқан. Бастапқыда театр өткен ғасырдың...