Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»КӨКПАР СПОРТЫНЫҢ ТӨРЕШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
    Айғақ TV

    КӨКПАР СПОРТЫНЫҢ ТӨРЕШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.07.2024Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елордада өтетін V-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 46 күн қалды. Халықаралық байрақты бәсекеде 90-ға жуық елден 2000-нан астам қатысушы бақ сынайды. Әлемнің назарын аударған көшпенділер ойындарын әділ әрі тәжірибелі түрде өткізу мақсатында мегаполисте көкпар спортынан төрешілік білімін меңгеру бойынша халықаралық тренинг өтті. Оған Қазақстаннан және шет елдерден келген 35 төреші қатысты.

    Ағымдағы жылы Астана қаласында өтетін V-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық жарыс. Бұл Қазақ елі үшін маңызды қоғамдық саяси және стратегиялық жоба. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында көшпенділер ойындарының маңызын атап өткен болатын. Халықаралық дәрежеде, сондай-ақ, әділ әрі тәжірибелі өткізу мақсатында байрақты бәсекеге бекітілген көкпар спортының төрешілері мегаполисте бас қосты. Оған: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен келген 35 төреші қатысты.

    Жарыс орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. ДКО адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталады. Бәсеке 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында спорттың 21 түрінен өтеді.

    Төрешілер бас қосқан жиында көкпар спортының ережелері мен түрлері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
    Ат үстіндегі алыптар көкпардың 2 түрі бойынша тартысқа түседі. Бірі көшпенді кезеңнен қалыптасқан шеңберлі жүйе, ал, екінші түрі қазандық.

    Айта кетейік, 90-ға жуық елден қатысатын V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 97 медаль сарапқа салынады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.