• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТЕГІ ЖЕТІ КӨРНЕКТІ ОРЫН

24.07.2024
0

Шырайлы «шығыстың» ерекшеліктеріне құмар жандарды Шымкент қаласы құшағын жайып қарсы алады. Оңтүстіктің жүрегі, таңғажайып көне қала. Ол – жазық даланың тап ортасында, ыстық күн шуағының астында орналасқан. Қала аты – Шымкент «бақ қаласы», яғни жасыл қала дегенді білдіреді, сондықтан мұнда келгенде нағыз шұратқа тап болғаныңызды аңғарасыз. Қазақстанның үшінші мегаполисіне айналған шаһар жыл сайын көркейіп, түрлі өзгерістерге ұшырап жатыр. Жеткен жетістікері де аз емес. Көрікті жерлері де айтарлықтай. Ал бүгін Шымкенттегі 5 көрікті орын жайлы айтуды жөн көрдік.

  1. «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы»

«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар. «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар. Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ — ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын.

Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың. Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген «қасқыр жидегі» ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.

2) Шымкент хайуанаттар бағы

Көгалданып, жаңарған ішкі жолдар мен аяқжолдар бойына зообақ логотипі бейнеленген орындықтар орнатылған.

Хайуанаттар бағының орталық ішкі жолындағы гүлзарда жағалай аң мүсіндері орнатылған. Соның ерекше көз тартатыны – тау барысы.

Дәл қазір мұнда жоспарға сәйкес «Азия аумағы» жобасы жүзеге асуда. 7 гектарға созылған «Африка» аумағында антилопа, түйеқұс, гну, зебра, түйе, марал сынды жан-жануардың 6 түрі еркін жорта бастаса, 3,5 гектарлық «Азияға» қоныстанатын жыртқыш аңдар да болашақта ашық аспан астында өмір сүретін болады.

«Азия» аумағынан бөлек «Аралас жануарлар» экспозициясы мен мал дәрігерлік аймағының жобасы еніп, құрылысы қолға алынды. Қала тұрғындары мен қонақтарының есінде қалатын ерекше көріністер балықтардың мекені – «Аквариумге» барар жолдан көзге түспек. Көпір маңындағы екі төбе «Гиббон» аралына айналып, ол жерге маймылдар тұрақтаса, жобаға сәйкес, осы маңдағы көлде аққу, үйрек, қаздар мекендейтін болады.

Жан-жануарлар әлемі – нағыз кереметтер әлемі. Мұндағы қызықтың бірі күндіз ұйқыға кетіп, түнде оянатын тіршілік иелерін біз жайшылықта көрмейміз де. Соңғы кездері Голливудтың фэнтези жанрындағы кинофильмдерінің көзіріне айналған жарқанаттарды енді өз көзімізбен көріп, бір сәтке ертегі әлеміне енгендей әсер аламыз. Себебі, зообақта түнгі тіршілік иелеріне арналған орындар ашылады.

Зообақтағы «Тау» экспозициясының жертөлесінен орын тепкен «Түнгі әлем» бөлімі де бар.Мұнда ит тектес жарқанаттарды жайғастырған. Әзірге мұндай жануардың екі түріне тапсырыс бердік. Қала тұрғындары зообаққа күндізгі уақытта келеді. Сондықтан біз «Түнгі әлем» бөлігінде күн режимін жасанды түнге ауыстырдық. Едендегі әлсіз ғана жарық келушілерге бағыт сілтейді. Ал жануарларды қызыл түсті жарықтың көмегімен бақылап, қызықтай алады.

Шымкент зоологиялық бағы 1979-1981 жылдары қазақтың көрнекті ұлы Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың жеке бастамасымен әрі тікелей басшылығымен құрылған.

Зообақтың жалпы ауданы – 30 гектар. Оның ішінде экспозициялар 19 гектар жерге орналастырылған. Шымкент хайуанаттар бағында жануарлардың 239 түрі бар, жалпы саны 2 495 құрайды. Олардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген.

Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен, 1 254 балық мекендейтін аквариум орналасқан.

3) ”Қошқар ата” өзені

Жаздың аптап ыстығында шымкенттіктер үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орны. Онда кіру ақысыз болғандықтан, қаланың тұрғындары мен қонақтары таңның атысынан кештің батуына дейін ағылуда. Әсіресе, шіліңгір шілдеде ине шаншыр жер жоқ. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес. Өйткені, Қошқар ата өзені суының емдік қасиеті мол.

Алдымен аңызға үңілсек. Қаратау өңірінде дүниеге келген Қошқарата  XI ғасырда өмір сүрген деседі. Азан шақырып қойған есімі – Қылыш. Төртінші атасы Арқар деген асқан батыр адам болған екен. Сол «сен енді Арқардай бола алмассың, қошқардай бол» деп жанама ат қойыпты. Кішкентайынан алғырлығымен, зеректігімен көзге түседі. Талабын ерте байқаған ата-анасы оны жеті жасында Бұқараға оқуға жібереді.

Ол жақта да Қошқарата ерекше дарынымен, қабілетімен ұстазының көңілінен шығады. Ұстазы оны өзгелерден оқшаулап, ықылас-ілтипатпен қарайды екен. Бұл басқа шәкірттердің ашуын тудырады. Ұстазының қой деген сөзін ұқпай, басқалар оған үнемі тиісіп жүреді. Бір күні ұстаз шәкірттердің бәрін отын алып келуге жұмсайды. Сол кезде Қошқаратаның қасиетіне өзгелер де куә болсын деп өзеннің арғы бетіне жібереді. Сонда ол судың бетімен жүріп өтеді. Табаны судың бетін сырып қана арғы бетке батпай жетеді. Таң-тамаша болған айналасындағы адамдар содан кейін ғана оның қасиетін мойындапты.

Көзі ашық, ілімді Қошқарата оқуын аяқтаған соң, Оңтүстік өңірге қайтып оралады. Мешіт, медресе ашады. Халықтың діни сауаттылығын көтеруге атсалысады. Алланың берген қасиетінің арқасында көптеген бұлақтардың көзін ашып, суландырумен айналысқан деседі.

«Қошқар ата» өзенінің айналасында бұлақ көп болған. Сондықтан да Мыңбұлақ деп те аталған екен.  Бұл өзен бастауын Қазығұрт тауының төменгі тұсынан алады. Екпінді ауылына келіп су жерге сіңіп кетеді де, қайтып осы Шымкенттегі қазіргі «Қошқар ата» өзенінің бастауынан шығады.

4) Ибрагим ата кесенесі. Кесене Ұлы Жібек жолы мен түркі елдерінің тарихын танып, мәдениетіне бойламақ саяхатшылар мен зиярат етушілер ұмтылған киелі орын болып есептеледі.

 

 

Көне Испиджап, қазіргі Сайрам – сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің туып-өскен жері, ғұламаның ата-анасы өмір сүріп, дүниеден өткен мекені.

Болжам бойынша кесене XVI-ХVII ғасырда жергілікті шейх, Қожа Ахмет Ясауидің әкесінің жерленген орнында бой көтерген.

Бұл ескерткіш ортағасырлық сәулет өнеріне тән күмбезді кесенелердің алғашқы үлгілерінің бірі. Бүгінгі таңда зияратшылар мен туристер кесененің XIX ғасырда салынған нұсқасын көре алады. Құрылыстың ішкі-сыртқы көрінісінен ортағасырлық элементтердің де сақталғандығын анық байқауға болады.

Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибрагим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2 м, ал ұзындығы — 8,25 м. Имарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған. 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Ұзақ уақыт бойы жолдың шетіндегі төбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 90-жылдары жолды 20 метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінді.

5) Қарашаш ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасына арнап салынған.

Яссауидің анасы Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды.

Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды.

Қарашаш ана –ХІІІ-ХІV ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Ясауи кесенесін көруге аттанған адамдар, алдымен, Қарашаш ананың күмбезіне барып, зиярат жасап қайтады.

Кесененің өзі порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай типі бұл өңірде кең таралған. Кейінгі ортағасыр дәуіріне жатады. Күмбездің алғашқы құрылысы ХІІІ ғасырда салынып, уақыт өте келе табиғи жағдайдың ықпалымен бірнеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды.

6) Көне Шымкент қалашығы

Шымкенттің ең атақты көрнекті жері – біздің дәуірімізге дейін ІІ ғасырда іргесі қаланған Ескі қалашық. Бұл жерде қаланың бойтұмары – оның ұзыннан ұзақ созылып жатқан қабырғасы мен бекініс-қақпалар.

Бүгінгі күні Ескі қала жаңа қаламен байланысып, Ескі қаланың түбінде қаланың жаңа тарихының символы – Тәуелсіздік саябағы орын тепкен. Мұнда алаңы Қазақстанның көк байрағы желбіреп тұр. Тудың ауданы — 120 шаршы метр. Саябақта ән шырқайтын субұрқақ бар. Саябаққа келген жан Шымкент қаласының керемет келбетіне қанық болмақ.

Айта кетейік, мегаполистегі «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізіп отыр.

7) «Сейітжан қари Есжанұлы» мешіті

Сәулет өнерінің үлгісі дерлік ғажайып мешіт тек ғибадат орны емес, еліміздегі бірегей Ислам орталығы болмақ. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңаәкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Негізгі орталық кіреберіс есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешітке Серікжан Сейітжанұлының әкесінің аты берілген. Ол әйгілі ұстаз, математика пәнінің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері,  Орта Азия мемлекеттік университетінің елімізден шыққан алғашқы түлектерінің бірі болған. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнап, кейін мектеп директоры болып қызмет еткен.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт 4 мұнарадан тұрады. Негізгі бас күмбездің биіктігі 56 метр. Негізгі орталық кіреберіс есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған.  12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар, ал кіреберіс алаңда бірден  10000-ға жуық келушілер жинала алады. Сондай-ақ, бұл ғимаратта 1100 орынға арналған конференц-зал, 600 орынға арналға ас беру орны, 100 орынға арналған неке қию залы, 428 орынға арналған кіші дәрет алу орны, медресе мен кітапхана бар. 300 балаға арналған медресеге құрметті қонақ Осман Тоханың есімі берілді.

Келушілер көлігін ыңғайлы етіп қою үшін 2 қабатты автотұрақ та қарастырылған. Ішкі сәулеті де көз тартады. Қазақы нақышпен көмкеріліп, қабырғасына Құран сүрелері жазылған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.