Бүгінгі сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында Абай ауданы әкімі тағайындалды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл орынға Сұлтанхан Шәкір Асылханұлын ұсынды. Мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Шәкір Асылханұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар Абай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Сұлтанхан Шәкір Асылханұлын кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ғабит Сыздықбеков аудан әкімі лауазымына ұсынылған Сұлтанхан Шәкір Асылханұлын кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін халық қалаулыларына алғыс білдірді. Сонымен бірге жаңа аудан әкіміне жүктелген міндетті жоғары кәсіби дәрежеде жүзеге асыратынына сенім білдірді.
Шәкір Асылханұлы 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар» академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Аталған лауазымға дейін Шәкір Асылханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.