Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде, Сайрам ауданының әскерге уақытша шақырылған 120 әскери міндеттілері 10 күндік жиын барысында, аумақтық қорғаныс бригадасымен бірлесе отырып, аудан аумағында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Жаттығу барысында, аумақтық қорғаныс батальоны жауынгерлері төтенше жағдай кезінде қорғалатын нысанға тұтқиылдан жасалған шабуылды тойтару, террористерге қарсы іс-әрекет, төтенше жағдайлардың салдарын жою сынды әрекеттерді пысықтады.
Одан бөлек, оқу-жаттығу барысында, объектілерді, коммуникацияларды күзету және халықты қорғау секілді маңызды міндеттер мен тиісті тапсырмаларды ойдағыдай орындап, ерекше көзге түскен әскери міндеттілер алғыс хаттармен марапатталды.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...