Жаз маусымы басталысымен ішек инфекциясы ауруларының тіркелу көрсеткіші басқа кезеңдерге қарағанда арта бастайды. Оған себеп – ыстық ауа райында тамақ өнімдерінің тез бұзылуы, мерзімінен ерте піскен жеміс-жидектерді мөлшерден тыс қолдану. Қарбыздан уланудан қалай қорғауға болады? Уланудың қалай алдын алуға болады? Толығырпқ тілші тарқатсын
Маусым айының алғашқы күндерінен бастап қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына мерзімінен бұрын піскен бақша өнімдерімен (қарбыз) байланысты жіті ішек инфекциясына шалдыққан 21 жағдай есепке алынғандыған. Өйткені бұл уақытта жеміс-жидектер мен көкөністердің біразы пісіп, барлық сауда орындарында сатыла бастайды. Ал тек жазда ғана қол жететін жеміс-жидектерді сағынған жұртшылық тез арада дәм татуға тырысары заңдылық. Осының салдарынан тұрғындар арасында өткір ішек аурулары асқына түседі. Әсіресе, ерте піскен қауын-қарбыздан уланатындар көп.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің көбі гигиена мен азық-түлікті сақтау ережелерін сақтамаған. Ал мегаполисте жаздың ыстық уақытында термометр +40 градустан жоғары көтерілген. Бұл жемістердің бұзылуына да қатты әсер етеді. Дәрігерлер: «Шіліңгір шілдеде саудасы қызған қауын мен қарбыздан улану жағдайлары әлі де көбеюі мүмкін»,-дейді.
Қарбызды мөлшерінен көп жеуге де болмайды. Ересек адамдар үшін бір күндік норма 500 грамм, 4-6 жастан асқан балаларға 150 грамм. 2 жасқа толмаған бөбектерге қарбыз беруге болмайды. Сонымен қатар жеміс-жидектерді, қарбыз-қауынды сақтау және жеткізу ережесінің бұзылуы да осы өнімнен ауырып қалуға себеп болатындығын айтты. Сол себепті сақтық сараларын жасап, ауру белгілері байқалса, медициналық көмекке жүгінуге кеңес берді.