«Senat Open» шахмат турнирінің жартылай финал кезеңі өтті. Аумақтық чемпионатқа Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бақ сынасты. Қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үздік ойындар көрсетіп, сый-сияпаттар табысталды. Шахмат десе ішкен асын жерге қоятын ардагерлердің саны өте көп. Жарысқа қатысушы ойыншылар еліміздің түкпір-түкпірінен оңтүстік өңіріндегі үздіктерді анықтау үшін жиналды. Турнирге қатысушылар арасында 80 жастан асқан қариялар да бар. «Senat Open» турнирінің басты мақсаты – шахматты насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу.Жартылай финал бәсекесінің салтанатты жабылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, үздік шыққандарды марапаттады. Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей жүлдегерлерге құрмет көрсетті. Ақыл мен ой-өрісті дамытатын үстел спортына қызығушылық танытқандардың қарасы да көп. Айта кетейік, тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 200-ге жуық адам сайысқа түсетін болады. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам келеді. Ал үшінші мегаполисте өткен финалдық кезеңге 25 шахматшы жолдама алды.
ҚАЗАҚСТАНДА САНИТАРЛЫҚ КІТАПШАЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ
Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден...