• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

МЕГАПОЛИС ТУРИЗМІНІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

17.07.2024
0

Кең байтақ Қазақстан – ғажайып дала халқының елі. Көне заманнан бері көшпелі халық кең байтақ елді мекен етіп, мұнда өзіндік ерекше мәдениетін қалыптастырды. Қазақстанның бірегейлігі жергілікті көшпенділердің ғасырлар бойы көрші халықпен байланыста болуымен де айқындалады.

Дамыған мегаполистер мен жабайы далалардың таңғажайып қарама-қайшылығы Қазақстанды тіпті тәжірибелі саяхатшы үшін де тартымды етеді. Отырардың көне қоныстары мен Түркістанның тарихи ескерткіштері; таза тау көлдері, қар басқан шыңдар, тың ормандар мен терең каньондар; нағыз киіз үйлер, қымыз, тәтті ет «бешбармақ»; Астананың заманауи футуристік архитектурасы және Шымкент пен Алматының кеңестік ғимараттары; «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен шағын еуропалық елдегідей ұлттық саябақтар – мұның барлығы Қазақстандағы туризмге қызығушылық танытқан туристерге нағыз  тарту болмақ.

Қазақстанның бір мезгілде ландшафтының алуан түрлілігі кез-келген адамды тамсандырып-таңқалдырмай қоймайды

Туризм негізінен үлкен екі түрге бөлінеді: ішкі және халықаралық. Қазақстанда мазмұнына қарай бөлінетін туризмнің көп түрлі саласы дамып келеді. Одан бөлек, табиғат, қала, тарих пен мәдениет, ғарыш тағы басқа туризмнің түрлері бар. Жоғарыда тізбектелген туризм түрлерінің көп бөлігі Шымкент қаласында да дамып келеді. Шетелден Қазақстанға келген туристердің көпшілігі Астана мен Алматы қаласынан бөлек шырайлы Шымқаланың көруге де ынтық екен. Мегаполистің көрнекті орындарымен қатар Шымкент гастрономиялық туризммен бүгінде танымал болуда.

2023 жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам).

Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға  111 733 турист келген.

2024 жылдың 1 қаңтарынан – 10 шілде аралығында  «E — qonaq» ақпараттық жүйесіне тіркелген шет елдік туристердің саны 20 950 адамды құрады.

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 235 адам, Ресей Федерациясы – 3 286 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 360 адам келген.

2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе,   бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр. Қала аумағында 20 туристік оператор мен 100 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және                                   5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынауда. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Туристік инфрақұрылым – туристерге қызмет көрсетуге және туристік-рекреациялық сектордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған құрылымдардың, желілердің және кәсіпорындардың кешені. Ол өндірістік және әлеуметтік, соның ішінде рекреациялық, инфрақұрылымды қамтиды.

«Туристік инфрақұрылым» термині- туристік фирмалар, қонақ үйлер, туристік орталықтар, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындары, автокөлік кәсіпорындары, туристік құрал-жабдықтар мен инвентарларды жалға беру пункттері, туристік клубтар және т.б. г.туристік индустрия кәсіпорындарының біртұтас жүйесін қамтиды.

Ел Үкіметі Қазақстанды әлемдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналдыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарлануда.

Осы жұмыстардың аясында Қазақстанда жаңа қонақүйлер, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары және басқа да туристік қызмет көрсету нысандарын салу жоспарлануда.

Мәселен, Шымкентте бұл бағытта аты әлемге танымал, бренд болып қалыптасқан қонақүйлер бой көтеруде. Өткен айда әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салынды. Шымкент сити шағынауданында іргесі қаланған  бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.

Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. Себебі «Hilton» — әлемге әйгілі бренд.

Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал, жаңадан қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашқан ұлттық стильдегі «Qazaq Hotel» қонақ үйі сәні мен салтанаты жарасып-ақ тұр. Мұндай 30 тұрақты жұмыс орны құрылған. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер қарастырылған.

Заман талабына сай қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айырықша серпін беретіні анық. Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс  жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қослуы жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады.

Көрнекті орындар — ерекше назар аударуға тұрарлық, белгілі немесе белгілі бір нәрсемен ерекшеленетін орын, зат немесе нысан, мысалы, тарихи мұра, көркемдік құндылық сынды.

Қазақстандағы тарихи-мәдени туризм – бұл қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифтеріне, Отырардың жел соққан қирандыларына, Қожа Ахмет Ясауи Түркістан кесенесіне, Байқоңыр ғарыш айлағына және этнографиялық киіз үй лагерлерінде қайта жаңғырған көшпелілер дәстүріне уақыт пен кеңістік арқылы саяхат. Соның ішінде үшінші мегаполисте республикалық маңызы бар 7 тарихи-мәдени нысандар орналасқан.  Олар: Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбдел Әзіз баба, Қожа салық, Мірәлі баба, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы. Аталған нысандардың ішінде Хызыр, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін жылдың соңына дейін, жеке инвесторлардың есебінен абаттандыру жоспарлануда.

Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни, пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады, – деп тілге тиек еткен болатын.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында биыл сәуір айының 22-24 күндері аралығында «Гид-экскурсоводтарға, қонақ үй қызметкерлеріне және рестораторларға арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жалпы семинарға бизнестің 90 қызметкері қатысты.

Үш күндік оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, емтихан тапсырды. Барлық 90 азамат емтиханды сәтті тапсырып, олардың кәсібилігі мен туристерге сапалы қызмет көрсетуге дайындығын растайтын лайықты сертификаттар алды.

Аталған іс-шара сала өкілдерінің біліктілігі мен білімін жетілдіріп, кәсіби деңгейін арттыруды мақсат етті. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар туризм және қонақжайлылық саласындағы соңғы трендтермен танысып, спикерлермен тәжірибе алмасты және де бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы білімін арттырды.

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында Индонезия, Ресей, Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Сингапур және т.б. елдерден келген блогерлерге 13 танымдық-ақпараттық экскурсия өткізілді.

Туристерді өңірмен таныстыру мақсатында 37 туристік маршрут жасақталған. (туристік ұйымдармен бірлесе қала бойынша 17, Түркістан облысымен бірлескен 15, Өзбекстан-Қазақстан-Қырғызстан трансшекаралық 5). Аталған туристік маршруттар тарихи-мәдени, экологиялық-экстремалды, қалалық демалыс, өндірістік секілді бағыттарды қамтиды.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Шымкент қаласында, қаланың танымалдылығын арттыру мақсатында «Контент – мейкерлер» клубы құрылды. Қазіргі таңда 15 адамнан тұратын клубтың әр бір мүшесіне арналған медиа-жоспар бекітіліп, әлеуметтік желілерде қаланының туристік әлеуетін насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда, а.ж. 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.

Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 232 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 1 млн. адамды қамтыды.

Бұдан бөлек басқарманың қолдауымен және «Irfin promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8 маусымында кәсіби бокс кеші іс-шарасы алғаш рет Шымкент қаласында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытай халық республикасының келген қатысушылар арасында жекпе-жек өтті. Турнирді жалпы 5000 – жуық қалалық және шет елдік көрермендер тамашалады.

Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапары барысында «2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» деп жариялады. Осының аясында а.ж. 26-30 наурыз аралығында ҚХР-ның Пекин қаласында өткен көрмеде қаланың туристік мүмкіндігі бизнес өкілдерімен бірлесе таныстырылды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 25-26 маусымында Қытайдың Үрімші қаласында «Қытай – Қазақстан аумақтық байланыс»  III форумы өтті. Форум аясында «Жеті тандыр» мейрамханасының қолдауымен Шымкент қаласының гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек 24-26 маусымда басқарманың ұйымдастыруымен ресейлік «КлючТВ» теледидарының «Покажи мне Азию» гастрономиялық бағдарламасының түсірілімі өтті. Бағдарлама аясында қонақтарға қаланың көрікті туристік нысандары көрсетіліп, гастрономиялық мастер-кластар ұйымдастырылды.

2024 жылғы жоспарға сәйкес, шілде айында соңында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласына роуд-шоу ұйымдастыру жоспарлануда. Екі жақты туристік ағынды арттыру мақсатында туристік операторлармен агенттіктер арасында байланыс орнатылып, жаңа туристік маршруттар мен бағыттар әзірленеді.

Сонымен қоса, қыркүйек айында Республиканың және жақын шет елдердің БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастыру жоспарлануда. Басты мақсат қаланың көрікті жерлерін жарнамалау арқылы келетін туристер ағынын арттыру болып табылады. Аталған іс-шараға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия мемлекетінің журналистері шақырылады.

Туризмнің елді дамытуда тигізер үлесі орасан. Біріншіден, туризм шетел валютасын өндіріп, төлем балансы мен жалпы экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң әсер ете алады. Екіншіден, бұл жұмыспен қамтуды арттыруға ықпал етеді. Үшіншіден, еліміздің инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.