Шымкентте «Заң мен Тәртіп» атты ерекше фотокөрме өтті. «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында өткен көрмеде полицейлердің күнделікті қызметі мен батылдықты, кәсібилікті талап ететін сәттері бейнеленген. Әсерлі суреттер әрбір келушіге полиция еңбегінің жауапкершілігі мен маңызын сезіндірді. Шараның шырайын Ұлттық ұлан оркестрінің өнері кіргізді. Көрмеге жүздеген қала тұрғыны қатысып, жастар үшін ол қоғамға қызмет етудің айқын үлгісіне айналды. Бұл бастама халық пен полиция арасындағы сенімді нығайтуды көздейді. Ал көрме алдағы күндері де жалғасатын болады.
ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...










