• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

31 АЗАМАТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

17.07.2024
0

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясы өтті. Күн тәртібіне 6 мәселе қойылып, тиісті саланың басшылары баяндама жасады. Негізгі мәселенің бірі – облыстың «Құрметті    азаматы»  атағын   беру жайы. Сонымен, мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, депутаттар және басқарма басшылары, аудан әкімдері қатысқан жиында оңтүстіктің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет және ауыл шаруашылығы жүйесінде еңбек еткен 31 азамат құрметке лайық деп танылды. Ол қатарда:

Өмірзақ Шөкеев –  қоғам қайраткері. 1964 жылы Түркістан қаласында туған.  Түркістан облысын екі рет басқарған, мемлекеттік қызметтің бірқатар саласына басшылық еткен іскер азамат. Өмірзақ Естайұлы облысты басқарған шақта Арыста апат болып, Мақтааралды су басты. Төтенше жағдайдан тосырқамай, халықтың қасынан табылып, «кризистік кезеңнен» шыға алған әкім аймақ тұрғындарының құрметіне бөленді.  2018 жылы жеке облыс ретінде құрылған Түркістанның қалыптасуы мен дамуы жолында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Іскерлігінің арқасында Түркістанды түлететін жаңа жобаларды бастап берсе, оның жемісін бүгінде көріп келеміз.

Ұласбек Сәдібеков – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1967 жылы 12 ақпанда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Бәйдібек ауданынан бастаған азамат Түркістан облысы әкімі аппаратында бірнеше бөлімді, Бәйдібек, Сарыағаш, Сайрам ауданын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кеңесшісі қызметін атқарды. Мәжілістің мінберінде Түркістан облысының өзекті деген мәселелерін көтеріп, өңірдің дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келеді.

Қазыбек Иса — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1962 жылы 23 сәуірде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Бірінші мамыр ауылында дүниеге келген. Тіл жанашыры, бірнеше мерзімді басылымда қызмет еткен Қазыбек Жарылқасынұлы бұқараның базынасын билікке жеткізіп, халықтың тұрмысын тіктеуге еңбек сіңіріп келеді. Жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, алыстағы ауыл-аймақты аралап, елдің мәселесін назарына алған депутаттың бастамасымен өңірдегі республика деңгейіндегі біршама мәселе шешімін тауып отыр.

Рәтбек Нысанбаев – Алматы облысы, Есік қалалық мешітінің бас имамы. 1940 жылы 14 қарашада Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас муфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым. Ол бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды.

Сиқымбай Сағындықов – жеке кәсіпкер. 1960 жылы Сайрам ауданында дүниеге келген. Сайрам ауданының «Құрметті азаматы», меценат ауданнан жеке балабақша мен мектептер ашып, білім саласын жетілдіруге өз үлесін қосуда. Заманауи үлгіде салынған білім ұялары облыстың білім сапасын жақсартуға, мектеп тапшылығы мәселесін шешуде  маңызды рөл атқарып келеді.

Жаңабай Ағабеков – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. 1964 жылы туған халық қалаулысы күнгейден теріскейге қоныс аударушы азаматтарға бағыт-бағдар беріп, жерлестердің солтүстік аймаққа барып қоныстануына, онда бейімделуіне, жұмыс табуына қол ұшын беріп келеді.

Алмас Сәлимов — Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. Белсенді депутат облыстық мәслихаттың VI шақырылымынан бастап кеудесіне төсбелгі тағып, халықпен бірге жұмыс істеп келеді. Әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы. Киелі қала облыс орталығы атанған жылдан бастап, Түркістандағы келесі істер мен ауқымды жұмыстардың бел ортасында жүрген, халық пен биліктің арасын жалғаған депутаттың тындырымды тірліктері құрметті марапатқа әбден лайық!

Нұрлан Өнербай – 1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Қазақстан ауылында туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қоңыр дауысымен өнерде өзінің сара жолын қалыптастырған Нұрлан Әлтайұлының әндері арқылы тыңдарман оңтүстіктің тарихымен, табиғатымен, салтымен танысып, жаңа буын әншінің репертуарындағы әндерді шырқап келеді.

Әуелхан Тұрғымбеков – еңбек ардагері.  1959 жылы 29 қазанда Түркістан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1981 жылы — Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инжинер технологы болып бастаған оның мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Шардара, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарын басқарған Әуелхан Елтайұлының басқарушылық қабілетін қоғам жақсы біледі. Облыстық әкімдікте аппарат басшысы, әкімнің кеңесшісі қызметтерін де абыроймен атқарып, облыстың дамуында өз қолтаңбасын қалдырды.

Оңласбек Құлакеев – денсаулық сақтау саласының ардагері. 1948 жылы 10 қазанда Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында туған. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ординатор, одан кейін кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің сараптама және оташылық жөніндегі орынбасары болды, облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері қызметін атқарды.
Кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, 2 монографиялық еңбек жазды. 2007-жылы Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Ағабек Қазанбай – еңбек ардагері.  1952 жылы 20 қыркүйекте  Ордабасы ауданы “Батыр ата”  ауылында дүниеге келген. “Құрмет” орденінің иегері, “Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалінің иегері Ағабек Қазанбай 1985 жылдан бері 13 кг телекамераны арқалап, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысын елімізге насихаттап келеді! Шеберлігі шыңдалған телеоператор талай шәкіртті де тәрбиелеп келеді. Түркістан үшін жасаған еңбегін құрметтеуге және бағалауға лайық кәсіби маман!

Ішкі істер органдарының ардагері — Арысбек Берденов, «Жүнісбаев және компания» ЖШС директоры — Сапарғали Қайшыбеков, құрылыс саласының ардагері — Құттыбек Бөкенбаев,  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС директоры — Мұрат Ибрагимов, еңбек ардагері — Мұрат Сәбденов, Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары — Балжан Әліпбек, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өкілетті кеңесінің төрағасы — Мухиттин Шимшек, ауыл шаруашылық саласының ардагері — Әбдірахман Рысбек,  «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері — Досымбек Сыдық, өндіріс саласының ардагері — Мақсұтхан Егембергенов,  білім саласының ардагері — Үмбет Әбдиев , – «ҚазАзот» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы — Бахаридин Әбіләзімов, жеке кәсіпкер — Лаззат Жабатаева, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері — Тастайбек Жарқымбеков, Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы — Алданияз Жолдасов,  еңбек ардагері — Рахматулла Сұлтанов,  «ЮЖКАЗПРОЕКТ» жобалау институты» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы — Мүтәліп Әбуов,  еңбек ардагері – Хабибулла Азимов, өндіріс саласының ардагері — Жұматай Мәркенбаев, “AMANAT” партиясының Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары — Әбдез Иманқұлов бар.

Жалпы, облыстың «Құрметті азаматы» атағына 65 өтінім келіп түскен.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.