• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Наурыз 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

04.07.2024
0

Балаларды бақытқа бөлеген теміржол. Шаһардағы балалар теміржолының іске қосылуы Халықаралық балалар жылына сәйкес келді. БҰҰ 1959 жылы балалар құқығына қатысты декларация қабылдады. Бала құқықтары декларациясының қабылдануының 20 жылдығында БҰҰ 1979 жылды Халықаралық балалар жылы деп жариялады. Бұл балалардың, әсіресе дамушы елдердегі жас жеткіншектердің мәселесін түсінуге ықпал етуге арналды.

Алғашқы пойыз 1980 жылы ақпанда жолға шықты, сол жылдың мамыр айында теміржол тұрақты жұмыс істей бастады. Мамыр мен қыркүйек аралығында оны 176 мың жолаушы пайдаланды. Трассаның биіктігі күрделі құрылымды: көпірден өткеннен кейін екі тік бұрылыспен және ұзындығы 25 метрге жуық туннельмен екі шақырымға жуық еңістен тұрады. Локомотивті жөндеу мәселелеріне байланысты балалар теміржолы бірнеше рет жабылуға мәжбүр болды. Осы мәселені қоғам белсенділері, «Айғақ» телеарнасы бір емес, бірнеше рет көтерген болатын. Мәселе оң нәтиже беріп, балалар темір жолы жаңа серуен аумағына айналып жатыр. А.Асқаров атындағы Дендросаябақ пен Қ.Мұңайтпасов стадионын байланыстырып тұрған балалар темір жолы енді демалыс орны болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жөндеу жұмыстарымен танысып, 6 шақырымды самокатпен жүріп өтті.

Жобаға сай екі станса орны кәсіпкерлерге беріліп, 120 адамдық сыйымдылығы бар заманауи кофеханалар ашылады. Жергілікті БАҚ өкілдері нысанның архитектурасымен танысты. Ал, ескі локомотив естелік ретінде сақталмақ. Жасалып жатқан жұмыстарға жылдам әрі тиянақты бақылау жүргізу мақсатында жауапты қызметкерлер, БАҚ өкілдері және блогерлер үшін арнайы самокат берілді. Екі станса аралығында 6 шақырымды құрайтын жол асфальтталып, жарық шамдар қойылған. Онда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут алаңдары бар. Балалар игілігіне қосымша ойын алаңшалары салынады. Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылған. Жаңа серуен аймағында тұрғындар қауіпсіздігі үшін батырмалы бағдаршам қойылды. Ал, жол-жөнекей кездескен тұрғындар шаһар басшысына ұсыныстарын айтып, қаланы көркейтуге баса назар аударғаны үшін ризашылығын білдірді.

Шаһар басшысы ескерілуі керек әрбір нүктелерге тоқтап, жұмыстары толық аяқталмаған мекеме басшыларына міндеттер жүктеді. Дегенмен, алдағы уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жолдың екі беті қоршалып, жол бойына орындықтар қойылады. Сонымен қатар, бейнекамералар орнатылып, турполиция тәулік бойы бақылау жүргізеді. Айта кетейік, нысан қала бюджеті қаражатынан емес, демеушілер есебінен жасалынып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.