Корейлік университетте оқығыңыз келе ме? Онда рухани астанаға келіңіз. Себебі, Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойылды. Бұл жайлы облыс әкімі Оңтүстік Кореяның “Woosong” білім беру қорының құрметті төрағасымен кездесуде айтылды. Тарихы мен мәдени мұрасы мол ежелгі қала Түркістан қарқынды дамып, заманауи білім беру және мәдени орталыққа айналуда. Шаһарда «Woosong» университетінің филиалын ашу осы жолдағы маңызды кезең екені даусыз және мұның мультипликативті әсері зор болатыны анық. «Woosong» университеті жаңа білім беру стандарттарын әкеліп қана қоймай, сонымен қатар аймақ экономикасының дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды құрудың бастамасы болады. Сауапты жобаны бастайын деп отырмыз деген Дархан Сатыбалды білім беру қорының құрметті төрағасын Түркістанға келуімен құттықтап, алғысын білдірді.
«Woosong» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюн өңір басшысына алғысын жеткізіп, алдағы жоспарды абыроймен орындауға сенім білдірді.
Кездесуде екіжақты байланысты нығайту, жұмыс жоспарын реттеу, университетті ашу бағытындағы мәселелер жан-жақты талқыланды. Қос тарап бұл жоба бойынша тұрақты түрде ақылдасып тұруға уағдаласты.