Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін іс-шарада Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді және рәміздерге қатысты сұрақтар қойылып, оған дұрыс жауап берген жеткіншектерге естелік сыйлықтар табысталды.
Жиналған көпшілікке №1 Оқушылар сарайының «Akkum Dance» би тобы, «Алтын ғасыр» әншілер тобы сынды бірқатар өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Ал, аниматор-қуыршақтар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шарада балалар үшін арнайы батуттар құрылып, бірқатар ойын алаңдары ұйымдастырылды.Сайыстарда белсенділік танытқан жеткіншектерге арнайы сыйлықтар берілді.Балаларға балмұздақтар таратылып, шағын фуршет ұйымдастырыллв.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған іс-шараға 300-ге жуық бала қатысты.