«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі Шымкентке келді. Іс-шараның мақсаты – ұлтаралық келісім мен татулық.
Елордадан басталған шеру бірлік пен ұлтаралық татулықты дәріптеп, Қарағанды, Алматы, Бішкек, қалаларында болды. Шымкент өңірі шеруге қатысушыларды құрметпен қарсы алды. Өңірге келгендер дін саласының өкілдерімен де кездесті. Қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.
Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтаудың жарқын үлгісін паш еткен ауқымды шарада өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері концерт қойып, патриоттық, ұлттық әндер шырқады. Шараға қатысқан тұрғындар мен қонақтар мерекелік шараға белсене қатысты. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, марш саясат пен діни ұрансыз өтуде әрі мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды. Халық өзі ұйымдастырып, өзі қаржылай қолдау көрсетеді. Айта кетейік, халықаралық марш елордада басталды және 32 күнге жалғасып, Түркістанда аяқталады. 2 мемлекет пен 17 қаланы қамтуды жоспарлаған шеру биыл 17-рет өтуде.