Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы, ең алдымен, туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін атап өтті.
– Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни, пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады, – деді Президент.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін оның барлық саладағы, оның ішінде экономикалық қызмет саласының және әрбір ұлттық кәсіпорынның немесе ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жоғарылағанда ғана шешуге болады.
Осы бағыттардың ішінде Қазақстанда ең кенжелеп дамып келе жатқан қонақ үй қызметі болып табылады. Қонақ үйлер дамуының негізі халықаралық туристік бизнестің бір бөлігі ретінде зерттеледі. Дегенмен, қонақ үй индустриясы көбіне бөлек қызмет саласы болып табылады.
Қазақстанда аталмыш бизнес ұлттық жалпы өнімге салымы 5 миллиард теңгеден асады, ұлттық қызметтер нарығының жалпы көлемінің 6 пайыздан астамын және халыққа демалыс қызметтерін құратын барлық қызметтердің 68,9 пайызын құрайды. Бастапқыда бұл деректер аса маңызды емес сияқты әсер қалдырады. Бірақ елдегі қонақ үй бизнесі өте маңызды саяси, әлеуметтік және психологиялық функцияларға ие — ол келушілер алдында ел туралы әсер қалдыратын, оның имиджін қалыптастыратын алғашқы шымылдығы болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің жағдайы елдің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына, оның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялану жолдарына және ұлттық экономикаға шетелдік инвесторларды тартуға үлкен әсер етеді.
90-шы жылдары қонақүйлерді толтыру өте қиын деңгейде болса, бүгінде бізде шамамен 40% (жылдық орташа толтыру) бар. Бұл дегеніміз, қонақ үй бизнесі дамуының тағы бір алғышарты.
Қазақстанда қызмет көрсету нарығының және оның белсенді элементі ретінде қонақ үй бизнесінің қызмет ету ерекшеліктерін талдауды қажет етеді.
Дегенмен, қонақ үй индустриясы өркендеп келеді. Бұған халықаралық қонақ үй желілерінің келуі дәлел. Бұл нарықтың ірі халықаралық қонақ үй желілері үшін перспективті екенін мойындау. Біздің қазақстандық бизнесмендер туризм инфрақұрылымына, шағын қонақ үйлер мен кемпингтер салуға айтарлықтай қаржы құйып жатыр. Сондықтан да жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.
Президент Үкіметке Маңғыстау облысының әкімдігімен бірге Каспий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыру үшін қонақ үй және мейманхана бизнесінің әлемдік брендтері мен франшизаларын тартумен белсенді айналысуды тапсырды. Мұндай тәжірибе кез-келген аймаққа артықтық етпейді.
Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкент сити шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.
Бес жұлдызды қонақ үйлердің ерекшелігі – жекелендірілген қызмет көрсету, кең ауқымды ыңғайлылық және ең жоғары сән-салтанатты ұсынатын жиһаздар болуы тиіс. Қонақ үйлер үшін стандартты бағалау жүйесі болмаса да, қонақ үйлер қонақтарға жайлылық, декор және сән-салтанат бойынша ең жоғары үміттерді қанағаттандыратын немесе одан асатын тәжірибе ұсына отырып, 5 жұлдызды тануға қол жеткізеді.
Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.
«Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» — әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді», — деді Г.Сыздықбеков.
Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.
Жалпы Шымкентте 150-ге жуық орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл өткен сайын барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнатылып келеді.
Қонақүйлер жалпы 3 жұлдызды және 5 жұлдызды болатын болса, Шымкент қаласында бүгінде бір ғана 5 жұлдызды Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі ғана бар, енді Шымкент Сити аумағында «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйі бой көтерсе үшінші мегаполистегі бұл екінші 5 жұлдызды қонақ үй болмақ. Әрине, бұл өз кезегінде Шымқаланың туристік әлеуетін арттырады.