Прокурорлар өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Kazakh INVEST»-пен бірлесіп инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша брифинг өткізді.
Бұл брифингте инвесторларды қолдау бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ инвесторлар кездесетін проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға қатысты тікелей тапсырмалар берілген. Прокуратура органдарына жүктелген міндеттер аясында бизнес өкілдерімен брифинг ұйымдастырылды. Брифингте бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйі, қолданылып жатқан шаралар, сондай-ақ заңсыз тексерістердің, әкімшілік қысымның, әкімшілік және қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудың алдын алу бөлігінде және т.б. бизнестің өткір және маңызды мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — кәсіпкерлікті ашуға және жүргізуге бағытталған жұмыстардағы қиындық туғызатын өзекті мәселелерді анықтау және оларға нәтижелі шара қолдану. Брифинг барысында кәсіпкерлікті ашуға, жүргізуге және оның қызметін тексеруге тиым салынған мораторий талаптарына байланысты сұрақтар қаралды.
Сондай-ақ, бизнес субъектілердің құқықтарын қорғау мәселесі қала прокуратурасының ерекше бақылауында.