24 мамырда ҚР Оқу ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында «Білімім-Отаныма!» атты жалпыреспубликалық біріңғай тәрбие сағаты өтіп жатыр. Мегаполистегі Қазығұрт шағын ауданына қарасты √66 мектебі 2023-2024 оқу жылын қорытындылады. Тәрбие сағатына 1-ші және 10-шы сынып аралығындағы барлық білім алушылар қатысты.
Тәрбие сағаты әнұранмен басталды. ҚР Оқу ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына арналған құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балалардың жетістіктері жинақталған бейнеролик көрсетілді. 2023-2024 оқу жылының қорытындысында өткізілген тәрбие сағатының мақсаты балаларды, ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болды.
Іс-шараға ата-аналар да қатысып, әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына куә болды. Ал, 9,11 сыныптың түлектері үшін «Мен, мектеп, ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе жазу ұсынылды. Айта кетейік, жалпыреспубликалық сынып сағаты су тасқыны болған өңірлерде қашықтан өткізілді.