Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес басталғанына 1 ай жуықтаған экологиялық акцияда белсенді жастардың алар орны ерекше. Шымкенттегі «Арбат» алаңында қалалық белсенді жастар, оқу орындарының ұйымдары, ЖОО және техникалық кәсіптік орта білім беру мекемелерінен жиналған 300-ге жуық белсенді флешмоб ұйымдастырып, тазалық акциясын насихаттады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы жалғасып жатыр. Онда, белсенді жастар ардагер мен жұмысқа жарамсыз қарттар үйлеріне барып аулаларын абаттандыру жұмыстарына ат салысуда. Сонымен қатар, белсенді жастар акцияны толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюіне барлық күш жігерлерін жұмсайтынын жеткізді.