Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде “AICTC-2024” аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференция өтті. Жаңа технологиядағы жетістіктер мен зерттеулерді саралайтын бұл жиын Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Спринджер халықаралық ғылыми басылымның зерттеулеріне арналған бұл жиынға әлемнің әр қиырынан 300-ден аса еңбек жинақталып, іріктелген 80 зерттеу нәтижесі қатысушылар талқысына ұсынылды.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан жаңа технологиядағы жетістіктер мен зерттеулерді саралайтын жиын өтті. Екі күнге жалғасқан AICTC-2024 халықаралық конференциясына дүниежүзі Жоғары Оқу Орындарының зерттеушілері мен Спринджер халықаралық ғылыми басылымдар ұйымының жауапты ғалымдары қатысты. Олар “мектептегі әлеуметтік педагогтың рөлі”, “кәсіпкерлікті дамыту үшін пән аралық байланыс құру мақсатындағы білім беру технологияларының синергиясы” тақырыптары арқылы физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар өмірін жаңа технология жетістіктері арқылы жеңілдету, сондай-ақ білум беру саласында ақпаратты технологияны қолдану туралы тұжырымдарын жасады.
Бұл жиынға әлемнің әр қиырынан 300 ден аса зерттеулер жинақталды. Оның ішінде іріктеліп алынған ең үздік 80 зерттеудің нәтижесі көпшілікке бөлісілді. Алқалы жиында білім мен ғылвмға құштар кез-келген ізденуші білім беруде жаңа технологияны қолданудың өзекті мәселелері мен соңғы жаңалыштарына қанықты. Іріктелген мақалалар Қазақстан, жапония, қытай,мысыр, ирак, индонезия, ақш және өзге де елдерден келіп түскенін ескерсек, бұл конференция түрлі географиялық аймақтардың тәжірибесі мен зерттеулерін бір арнаға тоғыстырды. Бұған дейінгі конференциялар Британияда, Мысырда, Малайзияда, Дубайда ұйымдастырылған.