Шымкент қаласында тағы бір құс фабрикасы пайдалануға берілді. Құрылысы 2022 жылдың қыркүйгінде басталған “АйМар Құс” құс фабрикасы халықаралық биоқауіпсіздік стандарттары бойынша құрылған жаңа кәсіпорын. Нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып танысып қайтты.
Кәсіпорын Түркістан облысы Төлеби ауданы Зертас ауылының маңында, экологиялық таза аймақта барлық өндірістік базалар мен мал шарушылығы кешендерінен шалғай орналасқан. Бұл өз кезгінде құс фабрикасында санитарлық-ветеринарлық қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді дейді мамандар.
Құс фабрикасындағы құстар гормондық қоспаларды, өсу стимуляторларын және генетикалық түрлендірілген заттарды қолданбай өсірілуде. Кәсіпорын Германия, Нидерлады сияқты еуропалық компаниялардың ең озық заманауи технологияларымен жабдықталған.