«Шымкент жүрек» орталығына Ресей мамандары келіп конференция өткізді. Жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында қолға алғанған жоба 2021 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Облыстағы кардиологтардың басын қосқан конференцияда тек дәріс тыңдалып қана қоймай тәжірбие жұмыстары да жүргізілді.
Түркістан облысы бойынша 70 ке жуық маман алдағы уақытта түрлі жүрек ауруларына шалдыққан науқастарды емдеуде медицинадағы жаңа ғылыми әдістерді меңгеріп шығады. Ресей мамандарының айтуынша бұндай конференциялар біліктілікті арттырудың ең тиімді жолы екен.
– Жүрек жеткіліксіздігі қазіргі уақытта өте жиі кездесетін ауру. Бұл жағдай өмір сүру сапасын төмендетеді. Сондай ақ біздің пациенттер инфарктпен жиі ауырады. Оларда жүрек-қан тамырлары ауруларының бір түрі бар. Біз бұл проблеманы сәтті жеңіп жатырмыз. Сонымен бірге өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін қоса алғанда, қазіргі уақытта науқастарды заман талабына сай жаңа әдістерді қолдана отырып емдеу өз нәтижесін беріп келеді. Біздің міндетіміз өмір сүру сапасын ұзарту ғана емес, пациенттерге, әдеттегі өмір салтында физикалық тұрғыда белсенділік танытуға және осы өмірге құштар болуға дәріптеу. Осы арқылы адамдардың өмір сүруі ұзақ болады, -дейді Ресейлік ғалым Валерий Александрович.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды диагностикалау мен бастапқы буын мамандарының өзара іс-қимылы және тәжірбие алмасуы көзделген конференция
2021 жылы Шымкент жүрек орталығында созылмалы жүрек ауруымен ауыратын науқастарға арналған 3 кабинет ашылған. Қазір еліміз бойынша мемлекеттік поликлиникаларда жалпы 14 кабинет жұмыс жасайды.