Ақтөбеден Қазанға әуеқатынасы жаңартылады. QAZAQ AIR әуекомпаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Ақтөбе-Қазан» бағытындағы рейс қайта жанданады.
Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт көрсетілген):
IQ 507 Ақтөбе 17:00–Қазан 16:40
IQ 508 Қазан 17:40 – Ақтөбе 21:20
Сондай-ақ келесі қалалардан транзиттік маршруттар қарастырылған:
Астана -Ақтөбе — Қазан
Атырау – Ақтөбе — Қазан
«Тұрақты рейстерді іске қосу Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру, туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастық саласын дамытуға ықпал етеді», — деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.
Билеттерді бүгіннен бастап әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан сатып алуға болады.