Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ
    Жаңалықтар

    ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.11.2023212 Views

    Филология ғылымдарының докторы, «Парасат » орденінің иегері Құлбек Ергөбек Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілеріне адалдық құндылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу мәселелері бойынша мақсатты кездесу өткізді. «Мемлекеттік қызметші- қоғам айнасы » тақырыбында өткен ауқымды шараға облысқа қарасты аудан, қалалардың мемлекеттік қызметшілері қатысты. «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген басқосудың басты мақсаты – қоғам айнасы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің бойында әділдік, адалдық құндылықтарын берік қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту. Ел экономикасының өркендеуіне кері ықпалын тигізетін сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен алдын алу мәселелері ортаға салынған рухани шарада Құлбек Сәрсенұлы мемлекеттік қызмет деген мәртебелі маман иелерінің ел алдында ант пен аманатқа адал болуы қажеттігін баса атап өтіп, адалдықтың ақ туын биік ұстау – әрбір ел азаматының перзенттік парызы екендігін мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізді.  Келелі кездесуді қорытындылаған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова елімізге белгілі ел ағасы Құлбек Сәрсенұлына адалдық қағидатын қалыптастыруға бағытталған арнайы дәрісі үшін айрықша алғыс білдіріп, Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілерін қоғам індетінің туындауына жол бермеуге шақырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.