Шымкент қаласында жаңадан ашылған атшабарда алғаш рет ат спортының конкур түрінен қала біріншілігі өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ұраны аясында ұйымдастырылған ат бәйгесінде жасөспірімдермен қатар ересек шабандоздарда да бақ сынасты. Биыл пайдалануға берілген атшабарда ат спортының конкур түрінен жарыс алғаш рет өтіліп жатыр. Жарыста үш бағыт бойынша кедергілердің биіктігі нақтыланған.Ересектердің аты 120-130см, жастар 100-110 см, ал ең кіші шабандоздардың аты 90-100см биіктіктен секіріп өтуі тиіс. Қазіргі таңда атшабарда ат спортымен 40-қа жуық шабандоз жаттығады. Бүгінгі өтіліп жатқан аламан бәйгеге Қазақ өнерінің майталманы, әнші Заттыбек Көпбосынұлыда арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шымкент республикалық мәртебеге ие болғаннан кейін ат спорты саласындағы майталман жаттықтырушылар мен шабандоздар Түркістан облысында қалып қойды. Қалалық ұлттық және ат спорты түрлері кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаевтың айтуынша, Шымкент өзінің жаттықтырушылар мен спорт шеберлерін енді жетілдіру үстінде. Ал бүгінгі конкур соның бір айғағы дейді. Қазақтың ұлттық спорт түрі — бәйге кейінгі уақытта Шымкент шаһарында қарқынды дамып келеді. Елімізде атбегілік пен шабандоздықпен 20 мыңға жуық адам айналысады. Ал жаңадан ашылған заманауи атшабар ұлттық спорттың одан әрі дамуына ықпал етеді деген сенімдеміз.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...