Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты диагностикалық орталықтың зертханасы елімізде үздік атанды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өткен республикалық форумда аталған орталықтың зертханасы «Үздік зертхана» номинациясы бойынша марапатталды.
Заманауи жабдықтар микробиологиялық және аналитикалық зертхана жұмыстарына тың серпін береді. Айтуларынша,бұл жабдықтар зертханалық талдау жұмыстарын жеңілдетіп дәлме-дәл көрсеткішті анықтауға таптырмас мүмкіндік. Салаға жауаптылар заманауи медициналық жабдықтар аз уақытта мыңдаған адамның өмірін жақсартып, денсаулығын түзеуге көп көмегін тигізетінін айтады.
Диагностикалық орталықтағы зертхана халықаралық стандарт жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл үшін зертхана медициналық зертханалардың сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейтін IOS 155892015 халықаралық стандарты бойынша акредиттелген. Сонымен қатар орталықта 350-ден астам зертханалық зерттеу жүргізіледі.
ӘСКЕРИ АНТ – ЕРЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Ұлттық ұлан қатары 150-ден астам жас жауынгермен толықты. Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде...