«Салт-дәстүр басты құндылық» — дәл осындай тақырыпта әйелдер конференциясы өтті. Дәстүр мен ғұрып, салт пен сана, тәлім мен тәрбие жайы сөз болған іс-шараға жүріп өткен жолдары ұрпаққа үлгі, ұлтқа өнеге болған аналар қауымы шақырылған. Кеште әсерлі әңгімен айтылып, ән мен жырдан шашу шашылды.
Болашақ ұрпаққа үлгі беретін әлбетте ол — ана. Ұлттық құндылықтың тамыры сол аяулы есімнен нәр алады. Нәзік жандылардың қоғамның, елдің жалпы алғанда тұтас ұлттың тұтқасы тұр деп артық айтқанымыз емес. Бүгінгі ұйымдастырылған кештің де көздегені сол. Жас буынға осындай жүгі ауыр жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіру.
Қызметпен қатар отбасы ошақ қасын да ұмыт қалдырмаған нәзік жандылар көненің көзі, ақылдың сөзі болған аяулы аналар мен асыл әжелер қазақтың бұрыннан келген дәстүрін насихаттап ибалық, инабаттылық, қасиеттерін дәріптеді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










