Елімізге белгілі дінтанушы имам Нұрлан Байжігітұлы Шымкент қаласының жастарымен кездесті. Жиынға қатысқандар дін өкілімен еркін форматта сұхбаттасып, өздерін толғандырған сұраққа жауап алды. Шара мақсаты жастарды жат ағымдардан сақтау болды.
Халық арасында тик-ток имам атымен танымал Нұрлан Байжігітұлы дінді жастар арасында қарапайым жұмыр тілмен түсіндіріп ерекшеленген тұлға. Ол әлеуметтік желі арқылы тәлім-тәрбие беріп отбаслық құндылықтарды дәріптеп жүр. Жастардың рухани ұстазына айналған Нұрлан имаммен кездесуге келгендердің қарасы көп болды. Тіпті залда ине шаншыр орын болмады. Жиында ұрпақ тәрбиесі, үлкенге ізет, кішіге құрмет, өмірде өз жолын дұрыс таңдау тақырыбында насихат айтылды. Кездесу соңында имам зайырлы ел болғандықтан кімнің болсанда діни жоралғыларды өтеуіне құқы бар, алайда, түрлі теріс ағымдардың шырмауына ілікпей, түзу жолдан таймағанымыз абзал деп қортындылады.
ӘСКЕРИ АНТ – ЕРЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
Ұлттық ұлан қатары 150-ден астам жас жауынгермен толықты. Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде...