Орталық Азия елдерінің кәсіподақ мүшелері IV кеңес отырысында бас қосты. Еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауды басты мақсат еткен ұйым 15 миллионнан аса қызметкердің құқығын қорғауға ықпал етіп келеді. Семинарда еңбек миграциясы, жастар кеңесінің құрамын бекіту, Орталық Азия елдеріндегі халықаралық және ішкі туризмді дамыту секілді бірнеше тақырып аясында баяндама жасалып, пікір алмасты.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы халықаралық еңбек ұйымымен бірлесе ұйымдастырған Орталық Азия елдерінің кәсіподақтарының семинарына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолияның ұлттық кәсіптік орталықтарының мүшелері қатысты.Бас қосуда аталаған елдердегі әлеуметтік еңбек саласындағы жағдайлар туралы мамандар баяндама жасап өз тәжірбиесімен бөлісті.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










