• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАРЖЫНЫ САУАТТЫ БАСҚАРА БІЛУ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

08.11.2023
0

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және  дамыту агенттігі Шымкент қаласының  өңірлік  өкілдер басқармасы басшысы Әбілғазы Қалназаров айтты.

Агенттік қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы тұтынушылардың қамтылуын және хабардар болуын арттыру үшін, сонымен қатар халықтың қаржылық өнімдер мен қызметтері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін цифрлық коммуникация арналарын пайдаланады.

Атап айтқанда, интернет-портал Fingramota.kz -Қазақстандағы кең аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша жалғыз сенімді және ресми дереккөз болып табылады.  2020 жылдан бастап – 2023 жылғы 1 қарашаға дейін интернет-порталда Fingramota.kz 1,6 мың бірегей және эксклюзивті материалдар жарияланған.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық материалдарын тарату мақсатында әлеуметтік медиа ресурстары кеңінен пайдаланылады. Атап айтқанда, Facebook, Instagram, Telegram. Одан бөлек,  Fingramota ресми аккаунттарында 3,2 млн астам қаралымды қамтитын 5,6 мың пост орналастырылды.

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде барлығы 200 мың қаралымды қамтитын 152 тікелей эфир өткізілген.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығын  реттеу агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру мақсатында 2020 жылғы мамырда Үкіметтің қаулысымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2024 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама келесі негізгі бағыттарды қарастырады:

1) байланыс арналары, оның ішінде цифрлық арналар арқылы қаржылық өнімдер туралы тұтынушылардың хабардарлығын арттыру;

2) халықтың нысаналы топтарына қаржылық білім беруді арттыру;

3) қаржылық инклюзияны дамыту;

4) қаржылық сауаттылық деңгейін мониторингтеу және жыл сайынғы бағалау.

«Агенттік әрбір нысаналы топқа  яғни балалар, жастар, ересек тұрғындарға нүктелік назар аудара отырып, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, оқушыларға, студенттерге және ересек тұрғындарға қаржылық сауаттылық бойынша оқыту іс-шараларын өткізудің бірыңғай жоспары әзірленді.

Мемлекеттік органдармен бірлесе, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру үшін

2022 — 2024 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Республикалық маңызы бар қалаларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Медиа-жоспар іске асырылады»,-деді  Әбілғазы Қалназаров.

Сондай-ақ,  «Fingramotalline» мобильді қосымшасын пайдаланушылар 7/24 режимінде қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. «Fingramotalline» мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап мессенджерге азаматтардан 6,9 мың сұрақ келіп түскен және өңделген.

Азаматтар ұялы телефоннан «1459» қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы жедел түрде кеңес ала алатын Агенттіктің сall-орталығы. Call-орталықты іске қосқан сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін Агенттік қызметкерлері азаматтардың 39 мың қоңырауы бойынша кеңес берді.

Бұл туралы толық ақпаратты  ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://youtube.com/live/SQjuJNszops?feature=share  сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

 

Пирамида бүгінде қоғам дертіне айналып отыр. Қаржылық пирамиданың құрбанына айналғандар тығырыққа тіреліп, кей жағдайда қайғылы жағдайға да ұшырап жатты. Ағымдағы жылдың 10 айында қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру бойынша сотқадейінгі 5 тергеп-тексеру дерегі тіркелген.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады. Департамент қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын-алу, анықтау және тергеу бойынша мүдделі, келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

— Салықтан жалтару,

— Қаржылық пирамидалармен күрес,

— Жұмыстарды іс жүзінде атқармай жалған шот-фактура жазу,

— Заңсыз кәсіпкерлік,

— Заңсыз ойын бизнесі,

— Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы,

— Жалған ақша жасау,

— Авторлық құқықтарды қорғау,

— Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы,

— Квазимемлекеттік және бюджет саласындағы жымқыру,

— Экономикалық контрабанда,

— Әдейі банкроттық.

«Жалпы 2023 жылдың 9 айында Департамент өндірісінде 96 қылмыстық іс болған, 62 өндіріспен аяқталған, оның басым бөлігі сотқа жолданған.

Өндірілген залал соммасы 1,8 млрд теңгені құрайды, 2,4 млрд теңге мүлікке тыйым салынған.Сонымен қатар, Қаржы пирамидаларымен күрес бойынша 2023 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 217 бабына сәйкес, яғни қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру дерегімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.»-деді Камилхан Исмилов.

Департаменттің жұмысы қылмыс анықтаудың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, одан бөлек квазимемлекеттік секторда ірі жымқыру деректерін анықтау, қоғамдың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.

Экономикалық қылмыстар туралы хабар және мәліметтер болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызға болады.

Сенім телефоны: 8-7252-77-14-48.

Бұл туралы толық ақпаратты ютуб әлеуметтік желісіндегі парақшамыздан https://youtube.com/live/SQjuJNszops?feature=share сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – ЕРЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

ӘСКЕРИ АНТ – ЕРЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Айғақ медиа
02.08.2025
0

Ұлттық ұлан қатары 150-ден астам жас жауынгермен толықты. Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар салтанатты түрде...

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БАҒАСЫ ӨЗГЕРДІ

Айғақ медиа
28.07.2025
0

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытуда музейлердің рөлі орасан. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда олардың тиімді жұмыс істеуі тек мемлекеттік қолдауға ғана...

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Үшінші мегаполисте  дін саласындағы саясатты іске асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды іс-шара өтті. «Дін саласындағы өзекті мәселелер...

ҚАЛАДА ҮШ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Отбасы – адамзат үшін ең қастерлі құндылықтың бірі. Оның іргесі берік, шаңырағы биік болса ғана елдің демографиялық ахуалы жақсарып, қоғам...

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

Айғақ медиа
24.07.2025
0

2025 жылғы 16–19 шілде күндері Қостанай облысының Тобыл қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде. Бұл жарыстар —...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Қазақстанның жас құтқарушылары халықаралық деңгейде өздерінің батылдығы мен кәсіби машығын дәлелдеді. Шымкент қаласынан келген «Жас құтқарушылар» командасы Беларусь Республикасының Минск...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.