• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ АРТУДА

03.11.2023
0

 

Шымкентте кардиология саласын дамыту бойынша халықаралық конференция басталды. Екі күнге жалғасатын шарада шетелден және еліміздің өзге өңірінен келген дәрігерлер жүрек қызметін жақсарту бойынша тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алуда.

Халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, үшінші мегополистегі кардилогия саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті.

«Бүгінгі күні Шымкент жүрек орталығы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қала және Түркістан облысы тұрғындарына көрсетеді. Орталық медициналық қызметтердің сапасын жоғары мамандандырылған медициналық көмектің үлесін арттыра отырып, стент-графт, ЭКМО, Tavi, LVAD имплантациясы сияқты жаңа технологияларды енгізді. 2019 жылдан бастап 2023 жылдың ағымдағы кезеңіне дейін, 16 жаңа технология енгізіліп, 230-дан астам қызметкер біліктілігін арттырды, 34 мастер-класс және 2 халықаралық конференция өткізілді. Орталықтың осы жетістікке қол жеткізуі тікелей Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, ел тарихындағы алғашқы жүрек трансплантациясы 2012 жылы арамызда отырған Юрий Владимирович Пяның басшылығымен Астана қаласында жасалып, қазіргі таңда оның саны 90-ға жеткен. Конференцияға қатысушыларға, өткізілетін мастер-класстарға нәтижелі жұмыс тілеймін. Осы конференцияның өтуі Шым қала тұрғындарының денсаулығын көтеретініне сенімдімін»-деді Қ. Асылов

Жалпы конференция барысында теориялық практикамен қатар дәрігерлер жоғары мамандандырылған оталарды жасау бойынша біліктіліктерін арттырады. Шараның басты мақсаты-созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазақстандық және шетелдік кардиология, кардиохирургия мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Конференция қорытындысы бойынша Орталық Азияда созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бағдарламасын дамыту мәселелері бойынша шаралар іске аспақ.

Еске сала кетейік, биыл алғаш рет қаладағы Жүрек орталығында еліміздің бас кардиохирургі Юрий Пяның қатысуымен жүрек алмастыру отасы жасалды. Операция сәтті өтіп, дәрігерлер 61 жастағы тұрғынның жүрегін хирургиялық жолмен алмастырып берді.

Сондай-ақ, қалалық № 1 клиникалық ауруханасында дәрігерлер алты трансплантацияны сәтті жасап шықты.

Ең күрделі ота 18 қазанда жасалды. Қос бүйрегі істен шығып, ауыр дертке шалдыққан 39 жастағы тұрғынға хирургиялық жолмен туған бауырының бүйрегі салынды. Донор мен реципиенттің жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды.

Трансплантация жоғары технологиялық ота түріне жатады. Мұндай операция бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан азаматтардың өмірін аман алып қалуға зор мүмкіндік береді. Ағза алмастыру отасы мемлекет есебінен тегін жасалады.

Қазір барлық донорлар мен реципиенттердің жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Шымкентте қаңғыбас иттердің қаптауы — тұрғындарға зардап тигізуде. Қауіп төндірген бұл иттер балаларға шабуылдап, елдің үрейін ұшыруда. Өкініштісі, қазіргі заңнама...

СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ

СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Шымкентте сән мен шариғат бір сахнада үйлесім тапты. «Әсем киім әйел ажары» атты республикалық сайыс аясында сымбатты да сұлу қыз-келіншектер...

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА

АБАЙ МҰРАСЫ — ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ

Айғақ медиа
05.08.2025
0

   Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10 күндік іс-шаралар легі басталды. Ауқымды бағдарлама аясында «Абай мұрасы – халық даналығы»...

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Оңтүстік өңірлік спартакиада өз мәресіне жетті. Шараға Шымкент, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының мамандары...

ЖАМБЫЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

ЖАМБЫЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Айғақ медиа
05.08.2025
0

  Шығысқа жолға шыққан оңтүстік журналистерін шекаралас жатқан Жамбыл облысының жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. Тараз төрінде өткен рухани шара...

ШЫМКЕНТ: АБАЙ САЯБАҒЫНАН ҰЛЫ АҚЫН ЕЛІНЕ САПАР

ШЫМКЕНТ: АБАЙ САЯБАҒЫНАН ҰЛЫ АҚЫН ЕЛІНЕ САПАР

Айғақ медиа
05.08.2025
0

“Ұлы Абайдың ізімен” оңтүстік журналистері шығысқа жолға шықты. Тағылымды сапар Шымкент қаласындағы Абай саябағында орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.