• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАҢЫРАҚТЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА

26.10.2023
0

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваеваның қатысуымен басқарма тарапынан 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен брифингте мәлім болды.

«Шымкентте соңғы төрт-бес жылдықтарда құрылыс қарқыны артып, баспанамен қамтуда республикада көш басында келе жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. 2023 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, осал топтатағылар мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 324 арендалық пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде қазіргі уақытта арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылып отыр. Жыл соңына дейін қалған 45 азамат қамтылатын болады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға қосымша жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, әлсіз топтарға жалпы саны 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.

2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.

Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 888 пәтер берілмек. Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;

өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);

тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;

иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.

«Тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек. 2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа тұрғын үй субсидиясы берілді. Азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануы үшін басқарма тарапынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге мониторинг жұмыстары жүруде. Мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды.

» — деді Ж.Өмірсейітқызы.

Жалпы 2023 жылға 200 млн. теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертифаттарын беру жоспарланып, төлем э 170 азаматқа 149,1 млн. тг. Берілді (көпбалалы отбасылар – 76, толық емес отбасылар – 16, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 74, мемлекеттік қызметкерлер – 4). Өтінім қабылдау жалғасуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.

Ал, жыл басында кредиттік негізде 1886 пәтерді қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Олар, «5-20-25» 701 пәтер, «2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» («5-10-20») бағдараламысы 62 пәтер.

2023 жылдың соңына дейін жаңа концепциямен «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.

Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;

өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);

тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;

иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.

Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.

Тұрғын үй субсидиясы – пәтер жалдап тұратын отбасыларға әлеуметтік көмек. 2022 жылдан бүгінгі таңға дейін 1 769 азаматқа тұрғын үй субсидиясы берілді.  Азаматтардың субсидияны мақсатты пайдалануы үшін басқарма тарапынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге мониторинг жұмыстары жүруде. Мониторинг нәтижесі бойынша 256 азаматпен түзілген келісімшарттың күші жойылып, оларға тағайындалған субсидия тоқтатылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Құрсай елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы мектепте «Қауіпсіз қала» тақырыбында кездесу өтті. Бұл шараға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.Себебі кәмелетке толмағандардың түнгі...

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Текесу тұрғын алабында қуанышты сәт! 130-ға жуық үй енді сапалы ауыз суға қол жеткізді. Осыған орай қала әкімі су нысанын...

АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ҮЙГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ҮЙГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Көксай шағын ауданындағы 8 отбасы баспаналы болды. Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №3 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды....

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Шымкентте қаңғыбас иттердің қаптауы — тұрғындарға зардап тигізуде. Қауіп төндірген бұл иттер балаларға шабуылдап, елдің үрейін ұшыруда. Өкініштісі, қазіргі заңнама...

СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ

СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Шымкентте сән мен шариғат бір сахнада үйлесім тапты. «Әсем киім әйел ажары» атты республикалық сайыс аясында сымбатты да сұлу қыз-келіншектер...

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА

АБАЙ МҰРАСЫ — ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ

Айғақ медиа
05.08.2025
0

   Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10 күндік іс-шаралар легі басталды. Ауқымды бағдарлама аясында «Абай мұрасы – халық даналығы»...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.