Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЕҢБЕКШІЛЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
    Айғақ TV

    ЕҢБЕКШІЛЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.10.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Орталық Азия елдерінің Кәсіподақ мүшелері IV кеңес отырысында бас қосты. Еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауды басты мақсат еткен ұйым – 15 миллионнан аса жұмыскердің құқығын қорғауға ықпал етіп келеді. Семинарда еңбек миграциясы, жастар кеңесінің құрамын бекіту, Орталық Азия елдеріндегі халықаралық және ішкі туризмді дамыту секілді бірнеше тақырып аясында баяндама жасалып, пікір алмасты.

    Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесе ұйымдастырған Орталық Азия елдері кәсіподақтарының семинарына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолияның ұлттық кәсіптік орталықтарының мүшелері қатысты. Басқосуда аталған елдердегі әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдайлар туралы мамандар баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

    Қырғыз елінен келген Талас облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Орталық Азия елдері шеңберінде жаңаша бағытта жұмыс істеп жатқан кәсіподақтардың өзара іс-қимылын дамыту керек дейді. Федерация өкілі өз кезегінде Қырғыз Республикасындағы еңбек адамдарының құқығы қалай қорғалатыны жөнінде пікір алмасты.


    Семинарды өткізудегі мақсат – еңбеккерлердің кәсіптік, әлеуметтік, заңдық, экономикалық құқықтарын қорғап, мүддесін таптатпау үшін Орталық Азия елдерінің кәсіподақтарымен бірлесе әрекет ету. Осы ретте айта өтсек, кәсіподақ мүшелерін біріктіруде еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым саналатын ҚР Кәсіподақтар Федарациясы құрамына 23 салалық кәсіподақ пен 17 аумақтық бірлестікті топтастырып, 2 миллионға жуық еңбек адамын жинаған. Мемлекет басшысының, «кәсіподақтар – бұл құқықтарды қорғау, лайықты өмір мен адам еңбегі ұшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ету бойынша прогрессивті миссияны орындайтын қазіргі таңдағы әлемнің ең маңызды қоғамдық институтының бірі» деген сөзі аталған ұйымның мән-маңызын айшықтайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.