Қостанайлық өнерпаздар Шымкентте. Осы аптада Қостанай облыстық қуыршақ театры гастрольдік сапармен арнайы келіп көрермендерді қуантты. Шымкенттегі «Қуыршақ және жасөспірімдер» театрында Қостанай облыстық қуыршақ театрының директоры Нұрмұхамбетов Мәди Мейрамханұлы алдымен баспасөз өкілдері және театр ұжымымен алдағы жоспарларымен бөлісті. Шымкенттік көрермендер үшін театр ұжымы «Экопатруль» қойылымын алып келген. Мұндағы негізгі идея балаларды табиғатты қорғауға шақырады. Қойылымдағы кейіпкерлер қала қорғаушысы, су қорғаушысы, орман қорғаушысы болып бірігіп, қоқысты жоймақшы болады. Кейіпкер де қойылым барысында өсіп, үлкейіп, онымен күресуші батырлар түрлі қиындықтарға тап болады. Соңында батыр кейіпкерлер жеңіске жетіп, қоршаған ортаны ластауға болмайтынын, онымен күресудің оңай еместігін көркем әрі түсінікті жеткізеді.
Толығырақ «Айғақ» тв ютуб арнасынан