Сапалы дене тәрбиесі саясатын әзірлеу бойынша кездесу өтті. Дене белсенділігін арттыру, баланы спортқа баулу мектеп табалдырығында басталады дейді мамандар. Және бұл салада шешімін таппай тұрған олқылықтар көп. Кездесудің мақсатыда осы жансақтықты орнына келтіру екен. Астана қаласынан келген делегация еліміздің 17 облысын аралауға ниетті.
Дене тәрбиесі – бұл барлық балалар мен жастарды қоғаммен үнемі қатынаста болуы үшін дағдылармен, тәсілдермен, құндылықтармен, біліммен және түсінікпен қамтамасыз етудің ең тиімді құралы. Сапалы дене тәрбиесін инвестициялау – бұл гендерлік теңдікке, инклюзивтілікке, денсаулық пен әл-ауқатқа, сапалы білім мен жұмысқа орналасу инвестициясы дейді мамандар.
Бұл, ең алдымен, теория мен практиканың сәйкес келмеуі, студенттік және мектептегі дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша іргелі және әлеуметтанулық зерттеулердің жеткіліксіз жүргізілуі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің деректері бойынша 1991-2022 жылдары барлығы 115 ғылыми зерттеулер жүргізілген, оның ішінде студенттік және мектеп спорт саласында 22 (жалпы санның 19%). Оның ішінде студенттік спорт бойынша 14 (12%) жоба, ал мектеп спортынан тек 8 (7%) жоба бар. Айта кетейік, мегеполистің бас ұстазы барлық білім беру ұйымдары түгел дерлік спорттық құрал жабдықтармен қамтылған дейді.
https://youtu.be/KYZQZmpj-GA?feature=shared толығырақ «Айғақ» тв ютуб каналынан