Қазақ дастарханы фестивалі өтті. Шымкент қаласында сан этностың ынтымағын ұйыстырып, бірлігін бекемдейтін «Достық» үйінде этномәдени бірлестіктері қазақ халқының ас мәзірінен құралған тағамдары мен сусындарынан дастархан жайды. Фестивалге қатысушы барлық этномәдени бірлестіктер қазақтың ұлттық тағамын жасауға, дастарханды безендіруге барын салған. Қазылар алқасы тағамдарды бағамдап, ыдыстардың орналасуы, табақтың тартылуы, дастарханның реттілігіне баса назар аударды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша, III орынды түрік этномәдени бірлестігі қанжығаласа, || орыннан өзбек этномәдени бірлестігі көрінді. Славян этномәдени бірлестігі қазақтың құрт-майы, ірімшігі мен балқаймағы, қымыз-қымыраны секілді ағарғанын ұсынған дастарханы жүлделі І орынды иеленді. Ал, байқаудың бас жүлдесі корей этномәдени бірлестігіне бұйырды.
толығырақ «Айғақ» тв ютуб каналынан