Ғабит Сыздықбеков қаладағы жер асты өткелдерінің құрылысымен танысты. Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдегі жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
“Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метрді құрайды. 45 пайызы іске асқан құрылыс жыл соңында аяқталып, халық игілігіне берілмек. Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.