Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын. Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі жиыны республика көлемінде биыл Шымкент қаласында өтті. Аталмыш кеңеске Қазақстан Республикасы оқу ағарту вице министрі Айбат Ілиясов арнайы келіп, білім саласы, цифрландыру жүйесіндегі тың жаңалықтармен танысты.
Шымкентте «Әділетті Қазақстан. сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты Республикалық тамыз кеңесі өтті. Оған еліміздің 19 өңірінен, жалпы саны 800-ге жуық педагог қатысты.
Тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір-бір тақырыптық бағыт» принципімен ұйымдастырылды. Педагогтар мектепке дейінгі орта, қосымша техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.Балалардың құқығын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету жайы сөз болды. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалды.