Асар шағын ауданында тұратын Шербек Қаюпов жылдар бойы маңдай терімен еңбек етудің арқасында кәсібін өрге домалатып, отбасын береке мен молшылыққа кенелткен жан. 2010 жылдары Өзбекстаннан елге көшіп келгелі осында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, қазір ауласының алдындағы жылыжайдан нәпақасын тауып отыр. Мұнан бөлек былтырдан бері биогумус өндіруге ынта танытып, минералды тыңайтқыштан да пайда көзін тапқан. Үш соттық жердегі жылыжайдан жыл сайын 4-5 тоннадан аса өнім алатын кәсіпкердің еселі еңбегі нәтижелі жемісін беруде.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











