Мұрат Дүйсенбекұлы Дінмұхаммед Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Сұңқар» жаңа мектебіне барды. 850 орынға лайықталып салынған мектеп құрылысы 12 ай бойы жүргізілді. «Сұңқар» мектебінің жанында 1580 орындық №1 мектепте қазір 3228 оқушы білім алуда, көршілес 1476 орындық №47 мектепте 1977 оқушы білім алып жатыр. Сондықтан жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы жүктемелерін азайтуға септігін тигізбек.