Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТӘЖІКСТАННЫҢ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ШЫМКЕНТТІ ӘНГЕ БӨЛЕДІ
    Айғақ TV

    ТӘЖІКСТАННЫҢ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ШЫМКЕНТТІ ӘНГЕ БӨЛЕДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.09.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шырайлы Шымкент қаласы Шығыс әуендерінің құшағында тербелді. Тәжікстанның мәдениет күндеріне арналған іс-шара Түркістан сарайында жалғасын тапты. Жексенбілік өнер кешіне Тәжікстан Республикасының мәдениет министрі Зульфия Давлатзодамен бірге арнайы келген бір топ делегация өкілдері қатысты. Мерекелік кеште екі елдің ежелгі достығы мен бауырмалдығы құрметіне Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің ықылас гүлі табыс етілді. Тәжік ұлттық киімімен мың бұрала би билеп, шығыс әуендерін әуелеткен концертте Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздары ән шырқады. Тәжіктің ұлттық аспаптары сырнай, дутар, танбур, рубаб пен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі әндері орындалды. Сондай-ақ, қазақ халқының алтын қорынан «Әгугай» әніне тәжік қыздары би билеп, эстрада жұлдызы Бейбіт Қорғанның репертуранындағы «Шоқ қыздар» әнін өнер жұлдыздары жандыра, әрі қосыла орындап, сахна төрін шаттыққа көмкерді. Өнерімен сахнаны жылуға бөлеген тәжік халқы, шымқала тұрғындарына жылы лебіздерін жеткізді.
    Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары сонау Рудаки мен Фердаусиден басталып, кешегі Садриддин Айниге дейін үздіксіз жалғасып жатқан мың жылдық бай әдебиет пен мәдениеттен сусындап, ізгілігі қайталанбас руханият пен көркемдігі тамсандырар саф өнер туындыларынан ләззат алды. Сонымен қатар тәжікстандық өнерпаздар концертте классикалық музыка туындылары мен заманауи эстрадалық әндерді де тамылжыта шырқады. Қазақстанға бірнеше мәрте іс-сапармен келген Ватанмир Карими халықтың мәдениеті мен биік мұнаралы қаламыздың сәулетіне ерекше тамсанды.
    Осылай өнер қайраткерлері әзірлеген мерекелік салтанатты кеш Шымкент жұртшылығына керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан сарайы фойесінде тәжік халқының шығармашылығы, ұлттық киімдері, тарихи фото туындылары көрмеге қойылды. Концерттің соңында өнерпаздарға Шымкент қаласы әкімдігінің ықылас гүлі тапсырылды.

    Айтулы іс-шара діні бір, мәдениеті мен дәстүрлері ұқсас, ортақ тарихы бар қос халықтың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсуге оң ықпал ететіні сөзсіз. Айта кетейік, тәжік мәдениеті күндері Шымкент қаласында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.