Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтау барысында Әл-Фараби, Тұран және Еңбекші аудандары аумағындағы жауапты мекемелердің базасын аралап, олардың техникалық қызметіндегі сапасын қадағалады. Әл-Фараби ауданына қарасты «Таза өлке» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің базасында қазір 66 қар күреу техникалары іске жарап тұр. Аталған аудан бойынша қар тазалау жұмыстары 5 бағытқа бөлінген. Ал Тұран ауданы бойынша тазалау жұмыстары 4 бағытта атқарылады. Сонымен қатар мұнда 68 арнайы техника дайындалған, жауапты мердігер мекеме «Шымкент Спец Комплек» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік мамандары болса, Еңбекші ауданына жауапты «Группа Интекс» мекемесі.