Жаңа оқу қарсаңында қала аумағында бой көтерген жаңа мектептер саны артуда. Соның бірі Шымкент Сити шағын ауданында 2,8 гектар көлемді алып жатқан «Seitzhan school» жекеменшік жалпы орта мектебі. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов 900 орынға арналған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысуға барды. Қазіргі уақытта мектеп құрылысының 95 пайызы аяқталған. Айта кетейік, «Seitzhan school» мектебі балалардың пәндік оқыту сабағынан бөлек, түрлі үйрімелерге баулитын қосымша сабақтар кабинеті, бассейн және кең спорт залымен, асханамен қамтылған. Жаңа заманға сай технологиядық құрылыс материалдары, ерекше дизайнмен салынған мектеп есігі оқушыларға айқара ашық.