14 пен 35 жас аралығындағы кіл мықтылар IQ Zhastarу интеллектуалды ойынында бас қосты. Конституция күніне арналған сайыс үшінші мегополистегі зерек жастарды жинады. Жастарды білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында бастау алған ойын, екі күнге созылады.
30 тамыз — ҚР Конституция күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «IQ Zhastar» интеллектуалды ойыны өтті. Жастарды білімге, оқуға құлшынысын және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында бастау алған ойын, екі күнге созылады. Жастардың зеректілігін арттыру мақсат етілген бұл дода осыған дейін республикалық деңгейде өткен. Ал биылғы ойынның ең басты ерекшелігі тек Шымкент қаласының жастары қатысуында. «IQ zhastary» интеллектуалдық ойынының ашылу сәтіне арнайы келген Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов дарындылар бас қосқан сайыстың қатысушыларына сәттілік тілеп, мемлекеттік мереке Конституция күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.
Интеллектуалды ойынға қаламыздан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 14 пен 35 жас аралығындағы жастардан құралған 15 команда жасақталған. Жас дарындылар арасында қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік, жас журналистер мен кәсіпкерлер және жайдарманшылар мен блогерлер бар.
Жарыстың алғашқы күні 1\8 және 1\4 ойындары өтіп, екінші күні жартылай финалдық ойын басталады. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы атынан диломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Ойын нәтижесінде бірінші орын иегерлері арнайы дипломмен, статуэтка және ноутбукпен марапатталса, екінші мен үшінші орынға смартфондар, сонымен қатар, 2 айналымға өткен қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталады.