Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 8-тамыз күні «Базар жастар лигасы» турнирі басталған. Жарыста жігіттер доп теуіп футбол ойнаса, қыздар волейболдан бақ сынамақ. Ойынның алғашқы кезеңі мәресіне жетіп, турнирдің екінші кезеңі бастау алды. Яғни, нәзік жандылар жойқын соққылармен ала допты ұршықша иіріп, өнер көрсетпек. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жастарды қолдау мақсатында “Базар жастар ұйымы” құрылған болатын. Қазіргі таңда, 9 сауда орындарында халықты қолдау ұйымдары жастармен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Осыған орай, 8-тамыз «Базар жастар лигасы» турнирі басталды. Жарысты жігіттер ашып берсе, ендігі кезекте әйелдер арасындағы сайыс басталды. Волейбол жарысына қала аумағындағы базарлар мен сауда орындарынан 200-ге жуық өтінім түсіп, ережеге сәйкес, 160 жастан тұратын 16 команда жасақталды. Мұндай жарыстар, салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Турнирге «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары қатысып, барша аруларға сәттілік тіледі.
Турнирдің мақсаты — базар және сауда орындарындағы жастарға бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жастар арасында бұқаралық спортты наихаттау. Жарысқа 14 жастан бастап 35 жас аралығындағы нәзік жандылар қатысуда. 18 жастағы Дидана Айтубек базарда киім сатумен айналысады. Дегенмен, хоббиі волейбол ойнау. Әйелдер арасындағы апта бойына жалғасқан турнир — 18 тамыз күні аяқталып, марапаттау рәсімі өтеді. Турнир ережесі негізінде 1,2,3 орын иегерлері анықталып, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен жеңімпаз командаға кубок табысталады.