Қалалық балалар клиникалық ауруханасында бүгін ашық есік күні өтті. Балаларды мектепке дайындау мақсатында оларды жалпы медициналық тексерістен өткізіп, дені сау оқушы болуға шақырды. Сонымен қатар аурухана ұжымы көпбалалы қызметкерлерге «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, балаларын оқуға дайындауға көмек көрсетті. Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының лор, уролог, педиатр, эндокринолог, стоматолог, және кардиолог дәрігерлері бүгін 9:00-ден бастап ашық есік күнін өткізуде. Ешқандай жолдамасыз, тегін тексерілуден өтуге баласымен келген ата-аналардың қатары көп. Білікті дәрігерлерден кеңес алып қана қоймай сондай-ақ қажеттілік болса қосымша тексерістерден де өте алады. Бұған дейін мұнда тек арнайы алдын ала жазылу немесе жолдама арқылы ғана келуге болатын. Ал, ашық есік күнінің ерекшелігі сол бір жерге топтастырылған дәрігерлер келушілерге кезексіз қызмет көрсетеді. Осылайша балалар толық медициналық тексерістен өтіп, жаңа оқу жылына қадам баса алады.
Сонымен қатар, балалар ауруханасының ұжымы өз қызметкерлері арасында көп балалы, оның ішінде мектепке баратын 5-6 баласы бар аналарға ерекше сыйлық жасады. 100-ге жуық дәрігер ат салысқан акция нәтижесінде жалпы саны 8 бүлдіршінге мектепке қажетті заттар алуға қол ұшын созды. Хирургия бөлімінде тазалықшы болып қызмет атқаратын Салманаз Жұмай ханымның 7 ұл-қызы бар олардың 6-ауы бірдей мектеп жасында. Акция аясында екі баласына оқу құралдары мен киімдерінің барлығын толық алып берген. Мұның өзі Салманаз апайға үлкен көмек болып отыр. Сол үшін дәрігерлерге алғысын білдірді.
Қ.ТОҚАЕВ: АЭС — ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖОБАҒА АЙНАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде пікір білдірді. «Орайлы сәтті...